Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысы бойынша Көлік инспекциясы заңды тұлғалардың 36 мөртаңбасын заңсыз пайдаланған


17 июня 2022, 05:47 | 10 872 просмотра



Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстың көліктік бақылау инспекциясы бас маманының жұмыс кабинетінде түрлі заңды тұлғалардың 36 мөртаңбасын тапты. Мөр иелері - халықаралық жүк тасымалдаушылар.

Мамандар анықтағандай, аталған 36 заңды тұлға жыл сайын көп мөлшерде жүк тасымалдауды жүзеге асыруға арналған шетелдік рұқсат бланкілерін алып отырған.

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Тимур Темірәлиевтің айтуынша, мемлекеттік мекемеде заңды тұлғалардың көп мөлшерде мөртаңбалары болуы тасымалдаушылар мен қызметкерлердің арасында тығыз байланыс бар екендігін көрсетеді. Бұл жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бірі.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, мөрлер инспекцияда 3 жылдан астам уақыт болған. Бұл ретте инспекцияның өзінде осы мөртаңбалардың қандай жағдайда және қай уақыттан бері туралы нақты түсінік бере алмады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода атап өткендей, мемлекеттік органда өзге заңды тұлғалардың мөрлерін сақтау, пайдалану заңсыз болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысы бойынша Антикоррупциялық қызмет ағымдағы жылдың басында облыстық көліктік бақылау инспекциясында сыртқы талдау жүргізген болатын. Талдау нәтижесінде 27 сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігі анықталды. Сыбайлас жемқорлықтың жоғары аймағына жылжымалы көліктік бақылау бекеттерінің қызметімен байланысты бағыттар, сондай-ақ шетелдік рұқсат беру бланкілерін беру рәсімі және техникалық тексерулер қызметі кірді.

Автор:
Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционной службы) по Алматинской области