Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"AQNIET" кәсіподағы Талдықорған филиалының облыс көлемінде үлкен дүбірлі отбасылық Спартакиада өтті


27 мая 2022, 08:47 | 3 200 просмотров



"AQNIET" кәсіподағы Талдықорған филиалының(ТФ) Атқару комитетінің Қаулысы негізінде облыс көлемінде үлкен дүбірлі отбасылық Спартакиада өтті. Аудандардан 5 команда, Текелі қ-сы 1 және Талдықорған қ-нан 4 команда жарысқа белсенді қатысты. Жарыс өте тартысты, қызық, жанкүйерлер әрдайым өздерінің спортшыларын қолдап отырды. Бәсекелесті жарыстың жеңімпазы болып Алакөл ауданы, Қабанбай ауылдық аурухананың "Алғырлар" командасы бас жүлде - автоматты кіржуғыш машинасын, ll орын Панфилов аудандық аурухана"Сұнқар" - смарт теледидар, Ill орын Текелі қалалық ауруханасының "Арыстан" командасы - қысқатолқынды пешке ие болды. Жарысқа қатысқан қалған командалардың бәріне жұбату сыйлықтар - соңғы үлгідегі үтік пен балаларға доп берілді. Спартакиаданы бұқараға тарату үшін "Жетісу" ТВ мен "Жәрдем" газетінің тілшілері шақырылды. AQNIET ТФ бізге жәрдемдескен медколледж әкімшілігіне алғысын білдіреді. Жарыс мақсаты орындалды деп айтуға болады, өйткені спортшылардың дене шынықтыру мен спортқа деген сүйіспеншіліктері артып, аудан, қалалардағы денсаулық сақтау қызметкерлерінің арасында достық қарым-қатынас спорт арқылы нығайды.
⛹️🤾🏆🇰🇿
Постановлением ТФ профсоюза "AQNIET" была проведена областная семейная Спартакиада. Участвовали 5 районных, г. Текелі 1 и 4 команды г. Талдыкорган. Соревнование прошла на высшем уровне, команды бились за каждую секунду, болельщики горячо поддерживали свои команды. В конкурентной борьбе 1-е почетное место заняла СБ Қабанбай, Алакольского района с главным призом - стир. машина автомат, 2-е место ЦРБ Панфиловского района - смарт телевизор, 3 место заняла команда г. Текелі с призом - микроволновая печь. Всем командам участникам были подарены последней модификации утюги, а детям волейбольные мячи. С целью распространения информации к широкой аудитории были приглашены журналисты с "Жетісу" ТВ и газеты "Жәрдем". ТФ "AQNIET" благодарит физруков за помощь в проведении соревнования и администрацию выс. мед-го колледжа за предоставление спортзала. Цели данного соревнования выполнены, т.е. медработники стали участниками реализации государственной политики укрепления роли семьи и дружественных отношений между медработниками районов и городов посредством спорта.

Автор:
"AQNIET" кәсіподағы Талдықорған филиалы