19 мая 2022, 09:44 | 3 274 просмотра
2022 жылғы 17 мамырда Еңбекшіқазақ ауданының орталығы – Есік қаласының Жамбыл атындағы Жастар мәдениет және демалыс саябағында Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне арналған «Біздің жадымызда! Біз әрекет етеміз! Біз АИТВ жұқтырғандардан көппіз!» ұранымен кеңкөлемді акция өтті.
Акцияның мақсаты – жастар мен тұрғындарды АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша хабардар ету, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын осы мәселеге аудару.
Ұйымдастырушылар – АО ЖИТС орталығы, Жастар ресурстық орталығы және Еңбекшіқазақ ауданының Мәдениет үйі, Жастар денсаулық орталығы, Орталық аудандық аурухана жанындағы салауатты өмір салты кабинеті.
Қатысушылар – қала колледждерінің студенттері, барлығының киімдеріне қызыл лента қадалған – бұл СПИД-ке қарсы күрестің символы.
АО ЖИТС орталығы профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Г.А.Жаканованың кіріспе сөзінен кейін қатысушылар шырақ жағып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Салауатты өмір салтын ұстанатын кабинет дәрігері А.С. Нысанбаева және Еңбекшіқазақ ауданы орталық аудандық ауруханасы жанындағы жастар денсаулық орталығының психологы А.С. Дүйсенбаева жастарға АИТВ-ның алдын алу бойынша қажетті ақпарат берді. Денсаулыққа қауіп төндірмеу және салауатты өмір салтын ұстану қаншалықты маңызды екендігі баса айтылды.
Содан кейін викторина басталды. Студенттерге АИТВ туралы білімді қажет ететін сұрақтар мен практикалық тапсырмалар берілді. Балалар қуана жауап беріп, есептерді шығарды. Бұдан соң ұйымдастырушылар жеңімпаздар мен белсенді балаларға бағалы сыйлықтар табыс етті.
«Өмір сүру үшін біл», «Салауатты өмір салты тамаша!» флешмобтары 100 адамды қамтыды. Барлығына ақпараттық-танымдық әдебиеттер таратылды. Ал мәдениет үйінің қызметкерлері қызықты концерттік бағдарлама ұсынды.
Акцияда 89 адам АИТВ-ға жедел теcтілеуден өтті.