Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талғар қаласында волейболдан аудандық жарыс өтті


19 мая 2022, 09:40 | 3 363 просмотра



18 мамыр 2022 жылы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ЖИТС құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік  күніне орай Талғар қаласында волейболдан «Болашақ – дені сау ұрпақтың қолында!» атты аудандық жарыс өтті.

Жарысқа Талғар қаласындағы арнайы кәсіптік білім беру орындары мен орта мектептердің волейбол командалары қатысты.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі  Г.Жақанова мен Талғар аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі З.Қалымбетова Дүниежүзілік күннің маңызын атап өтті.

Жарыс қорытындысында С.Сейфуллин атындағы №2 орта мектептің командасы 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды Кеңдала ауылдық округінің Ақтас ауылынан келген №36 орта мектеп спортшылары иеленді. Ал  Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің волейболшылары 3-орынды місе тұтты.

Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Талғар жоғары медициналық колледжі  мен Талғар политехникалық колледжінің командаларына Алғыс хаттар табысталды.

Автор:
А.Кенжебекова, Алматы облыстық ЖИТС орталығы