Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: ЗДОРОВЬЕ

Қарасай ауданында жіті миокард инфарктісі және тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерге шұғыл көмек көрсетіле бастады


18 мая 2022, 10:56 | 2 616 просмотров



Алматы облысының Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы интервенциялық хирургия бөлімшесі 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істейді. Ашылған сәттен бастап бөлімшеде 150 науқас ем қабылдаған. Аурухана директоры Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлының айтуынша, осы уақытқа дейін Алматы облысының оңтүстік аймағында жіті коронарлы синдромы диагнозы анықталған пациенттер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында емделетін.
- Біздің ауруханада интервенциялық хирургия бөлімшесі ашылған сәттен бастап бес айда 150 пациентке коронация жүргізілді, олардың ішінде стендтеу 55-60%-ды құрайды. Ем қабылдауға келген тұрғындардың 30% - ын Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары құрайды, - дейді аурухана директоры.
Сонымен қатар Маулен Сансызбайұлы жүрек-қантамыр жүйесі ауруының алғашқы белгілерін байқаған сәтте, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет екенін атап өтті. Өйткені жіті коронарлы синдромы тұрақсыз стенокардия немесе миокард инфарктісінің дамуына әкелетін айтады.
- Жіті коронарлық синдромның алғашқы белгісі кенеттен жүрек ұстамасы болуы мүмкін. Жіті коронарлы синдром әр науқастың денсаулығына байланысты әртүрлі дамиды. Қазір ауруханада ашылған бөлімде жіті коронарлы синдромы анықталған науқасты емдеу үшін барлық жағдай жасалған, - деді Мәулен Сансызбайұлы.
Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасындағы интервенциялық хирургия бөлімшесі тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту бойынша Жол картасын орындау мақсатында ашылды.

Автор:
ЖД новость