Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алғыс


11 февраля 2011, 07:36 | 1 484 просмотра


Сырқаттанып, жаның қысылғанда, әлбетте ақ желеңді жандардан араша іздейсің. Өз ісінің майталмандары, білікті де білімді медицина қызметкерлері бар екендігіне тәубә дейсің. Жуырда науқастанып Алматы облыстық кардиология орталығына түстім. Мені жылы жүзбен қарсы алып, сырқатыма дәрігерлер дәл диагноз қойды. Алда күрделі операция. Мұны да олар сәтті жасады. Аяғымнан тік тұрып кеттім. Отбасыма аман-есен оралдым. Сүйікті қызметімді жалғастырудамын. Осының бәрі ақ желеңді абзал жандардың арқасы. Солардың есімдерін атап, «Жәрдем» газеті арқылы шексіз алғысымды білдірмекпін. Қалай мақтасаң да лайықтылар қатарында кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Алмат Насир, емдеуші-дәрігер Ерғали Әнуарбекұлы Жүнісов, кардиохирург Құрманәлі Аманжолұлы Сабиров, аға медбике Қарлыға Оспанова, медбикелер Мая Мұқатова, Гүлнар Жоламанова, Ғайни Құсенова, Күләш Саршолақова, Хадиша Таубекова, тазалықшылар Ұлар Байғожина, Бақытгүл Рахымбаева, Айғайша Шәкенова, буфет жұмысшысы Алма Төлендиева және Жанар Шалтабаеваны атағым келеді.

Баршаңызға еңбектеріңіз жемісті, табыстарыңыз мол болсын деймін. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін. Рахмет, асыл жандар, ақ желеңді абзал азаматтар!

Автор:
Ұлтұған СӘТТІҒҰЛОВА, «Қазпошта» АҚ АОФ мерзімдік басылымдарды тарату бөлімінің меңгерушісі.