Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАЛАЛАРДЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҮЙРЕТЕЙІК!


13 мая 2022, 07:13 | 1 654 просмотра



Қазіргі заманда өмірге қауіп төндіретін жағдайға тап болу өте жиілеп кеткені баршамызға аян. Осыған  орай балаларды далаға ойнауға, қонаққа жібергенде немесе үйде өздерін жалғыз қалдырғанда  олармен еш жамандық болмайды және олардың өміріне ешқандай қауіп жоқ деп үміттенеміз.

Өкінішке орай, статистикада балалардың кесірінен болатын өрттер, балалар өлімі орын алып жатқан өрттер жиі болып жатқанын көрсетуде. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайында не білу қажет? Қай жастан бастап балаларды өрт кезінде емес, жану жағдайы кезінде өзін ұстау ережелеріне үйрету керек? Осындай сұақтардың жауабы: балалық шақтан бастап балаларды өрт қауіпсіздігі ережелеріне үйрету керек. Мұндай ережелерді балаларға өз іс-әрекеттерін түсіне бастаған шақтан үйреткен дұрыс. Бастысы балаға ашық от өте қауіпті екенін, от жарақаттайтынын, ауыртатынын, тіпті адам өліміне әкеп соқтыру мүмкін екенін түсіндіру қажет. Бала жану және өрт жағдайлары болмау үшін өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезінде не істеу, не істемеу керектігін білуі тиіс. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін балаларға үйрету біздің міндетіміз. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленіп тығылып қалады. Мұндай жағдайда не істеу керектігін, өзін қалай ұстау қажеттігін және өзіне қандай қауіп төніп тұрғанын білмеуі себепті бала өзін осылай ұстайды. Білім жоқта үрей туындайды. Ең бастысы үрейдің болмауы. Байсалды болсаң және ақылмен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай. Үрей мен сасқалақтау – бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалту.

 Әрбір адам білуге міндетті:

  • егер жану 2 минуттан асса, онда жану шыққан жерден шығып кету қажет;
  • Балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсіну керек;
  • үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін жалғыз қалдыруға болмайтынын білулері қажет. Бұл бақытсыздыққа әкеліп соқтырады.
Автор:
Б.Сүйербаев, азаматты қорғау подполковнигіТалдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы.