Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздік басты назарда!


13 мая 2022, 07:08 | 247 просмотров



Аса қауіпті кезең бұл суға түсу маусымы. Суға кетудің басты себебінің бірі бұл судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, байқамаусыздық.                        Ал жасөспірім балалардың суға кетуі үлкендердің салғырт қарауынан болады. Көп жағдайларда адамдардың суға кетуі бұл демалыс орындарында, суға түсетін орындарда қауіпсіздік шараларының алдын алмағандықтан төтенше жағдай орын алып жатады. Әрбір адам суға шомылғалы жатқан су айдындарының қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін. Адамдардың қаза болуының негізгі себептері су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу болып табылады. Тыйым салынған орындарда және мас күйінде суға шомылу, балаларды су айдындарына жақын жерде ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруы қайғыға әкеп соғуы мүмкін.

Атап кеткенде, 2022 жылдың 02 мамыр күні сағат 19:00 шамасында Талдықорған қаласы, Еркін ауылы Қарасу өзенінің бойында ата-анасының қарауынсыз қалып қалған 1,5 жасар қыз суға байқамастан құлап түсті. Қызды көріп қалған куәгерлер судан құтқарды. Медициналық қызметі келгеннен кейін дәрігерлерге табысталды. Дереу қызды Облыстық көпсалалы балалар ауруханасына алып кетті. Қазіргі таңда, қыз баланың денсаулығы жақсарылды.

Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, балаларды суға түсу кезеніңде балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер.

Автор:
Т. Қойшыбаев, азаматтық қорғау аға лейтенанты Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасы аға инженері