Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АВТОКӨЛІКТЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚАТАҢ САҚТАҢЫЗДАР!


13 мая 2022, 07:06 | 242 просмотра



Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлы қарағандықтан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады. Өрт сөндірушілердің байқауы бойынша кей күндерде шетел көліктері ерекше жиі жанады. Тағы бір түсіндірме бар - әдейі өртеу.  Электр жүйесі бұзылған көлікті гараждың ішіне қоюға тыйым салынады.

Гаражға мынандай шек қойылады:

- күнделікті тұрмыста пайдаланатын заттарды, 20 литрден көп бензинді,         5 кг көп майлайтын материалды сақтауға тыйым салынады;

- гараждың ішінде көлікті бояуға, от және электр пісіру жұмыстарымен байланысты жөндеу жұмыстарына тыйым салынады;

-  қозғалтқышты жылыту үшін шырақты қолдануға тыйым салынады;

- бөлшектерді керосинмен, бензинмен т.б. жанғыш заттармен жууға тыйым салынады;

- пайдаланған мұнай өнімдерді канализацияға немесе гараж аймағына төгуге тыйым салынады.

 

Өрт шыққан жағдайда 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Автор:
А.Ж. Байділданова,азаматтық қорғау аға лейтенанты.Талдықорған қаласыныңтөтенше жағдайлар басқармасы инженері.