Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢІ


13 мая 2022, 07:05 | 1 444 просмотра



Қазіргі уақытта қураған шөптердің жануы аса өзекті мәселе болып отыр. Жануға жататын аудандарға орман тоғай дала алқаптары, егістіктер мен автокөлік жолдары бойының ашық аумақтары жатады. Өрттердің негізгі себептері адамдардың отпен абайсыз болуы, құрғақ шөптерді, қоқыстарды және басқа бау-бақша қалдықтарын жағу болып табылады. Жеке меншік секторының тұрғындары келесі қауіпсіздік шараларын сақтаулары қажет:
Жеке тұрғын үйлердің бау-бақша иелері өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты өз участок аумақтарын жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, шөптерден, түскен жапырақтардан және т.б. жанғыш заттардан уақытылы тазалап тұруы қажет. Оларды арнайы бөлінген алаңда контейнерлер немесе жәшіктерге жинап, одан соң шығарылуы қажет. Егерде сіз тұтануды байқасаңыз, бей-жәй қалмаңыз, қолда бар құралдармен жоюға тырысыңыз, сондай-ақ, «101» немесе «112» телефондары арқылы өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.

Автор:
Қ. Ракатаев, азаматтық қорғау капитаны.Талдықорған қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы.