12 мая 2022, 02:02 | 1 512 просмотров
Бүгінде дәрігердің баға жетпес көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметі маңыздылығы ерекше мамандық.
Жалпы, мейірбике ісі – ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі. Ал, осындай маман иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. "AQNIET" Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Талдықорған филиалы жалпы орта буын қызметкерлерінің еңсесін көтеріп, жұмысқа деген құлшынысын арттыру мақсатында мереке қарсаңында филиал және Орталық Кеңестің құрмет грамоталары, төс белгілерімен марапаттап, 30 қызметкерге биыл "Балалар жылы" болып бекітілуіне байланысты ата-ана(мейірбике, фельдшер) балаларымен бірге "Денсаулық" сауықтыру орталығына тегін 30 жолдама табыстады. Кәсіподақ мүшелері өз кезегінде жақсы демалып, денсаулықтарын түзеп, шексіз алғыс білдірді.