Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында 2867 адам қатерлі ісікке шалдыққан


12 апреля 2022, 12:38 | 3 303 просмотра



Халыққа онкологиялық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі және Кодекстің 196-бабымен реттеледі.Қазақстан Республикасы халқына онкологиялық қызмет көрсету «Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ-112 бұйрығына сай жүргізіледі. Бұл туралы Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров.
Пациенттердің онкологиялық көмектен бас тартуы Кодекстің 137-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Кодекстің 136-бабында регламенттелген. Кодекстің 137-бабының 1-тармағына сәйкес пациенттің келісімінсіз онкологиялық көмек көрсетуге жол беріледі.

Алматы облысында 2021 жылдың 12 айында облыс бойынша қатерлі ісікке шалдыққан 2867 науқас тіркелген. Оның ішінде әйелдер-1721, ерлер-1146. Оның ішінде 1 ст - 730, 2ст - 926, 3ст - 636, 4 ст – 340.
Ауру құрылымы бойынша –1 орында-РМЖ; 2 - асқазан обыры; 3 - өкпе обыры; 4 - КРР; 5-РШМ.

Өкінішке орай, 2021 жылдың 12 айында облыс бойынша 1107 науқас қайтыс болды. Оның ішінде ерлер - 643, әйелдер-563.
"Қатерлі ісік ауруының ішінде асқазан обырынан қайтыс болатындар саны көп. Екінші орында - өкпе обыры.Одан кейін ұйқы безі обыры мен өңеш обырынан өлім-жітім көп кездеседі", -деді Арман Серікұлы.
Жалпы амбулаториялық жағдайларда қатерлі ісігі бар деген күдігі бар пациенттерді тексерудің барлық кезеңі медициналық ақпарат жүйелерінде «онкоcақтық» маркерлерін көрсете отырып жүргізіледі.

Мамандардың консультациялары және амбулаториялық жағдайларда ҚІ күдікті пациенттерді тексеру "жасыл" дәліз бойынша – жалпы кезектілік пен шектеулерден тыс, он сегіз жұмыс күні ішінде жүргізілетін болады.

Айта кетейік, қайталама деңгейде толық тексеру жүргізілгеннен кейін ҚІ бар немесе жоқ екендігі туралы түпкілікті бекіту мүмкін болмаған кезде пациент үшінші деңгейдегі ұйымда консультацияға жіберіледі.   ҚІ бар пациентті мамандандырылған емдеу диагноз қойылған және динамикалық бақылауға алынған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей басталады.