Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте әскерилермен роталық тактикалық оқу-жаттығуы өтті


21 февраля 2022, 10:16 | 4 225 просмотров



           Сарыөзек гарнизонында шабуылдау бригадасының жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, бөлімнің оқу-жаттығу полигонында бірінші шабуылдау батальоны жеке құрамының роталық арнайы тактикалық топтарымен оқу-жаттығу өтті.

        Оның мақсаты – жауынгерлік жағдайға барынша жақындата отырып бөлімшелердің далалық дағдысы мен үйлесімділігін жетілдіру.

        Үш кезеңде өткен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде атысқа тартылған барлық құрылымдар жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілді. Одан кейін жауынгерлер машиналар паркіне келіп, белгілеген шартты ауданға маршты жүзеге асыру жөнінде оқу-жауынгерлік тапсырма алып, лекпен оқу-жаттығу полигонына жол тартты. Марш кезінде әскери қызметшілер тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындаудан шеберліктерін шыңдады.

        Екінші кезеңде негізгі жаттығулар полигонда өткізіліп, әскери қызметшілер жергілікті жерге орнығуды және далалық жағдайларда жұмыс орындарын өрістетуді пысықтады. Ал үшінші кезеңде рота құрамында жауынгерлік оқ атуды орындауға кірісті.

        Барлық сабақтар батальон командирінің басшылығымен өтті. Ал  полигонда шабуылдау және танк бөлімшелерінің әскери қызметшілері Т-72 танктерінің қару-жарағынан, БМП-2 жаяу әскердің жауынгерлік машиналарынан, минаатқыштардан, ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан, сондай-ақ атыс қаруынан жауынгерлік оқ ату жаттығуларын орындай отырып, оқу-жаттығу іс-қимылын ұйымдастыру және оны өткізу бойынша бірқатар тапсырмаларды орындады.

         Сондай-ақ,  жеке құрамның іс-қимылы кезінде жеке қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударды.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев