Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Зенитшілермен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізілді


18 февраля 2022, 09:50 | 2 838 просмотров



Жауынгерлік жоспарға сәйкес Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдаушы бригаданың оқу полигонында зениттік бөлімшелердің жауынгерлік оқ атуы бойынша нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті. Жеке құрам ЗУ-23-2 зениттік қондырғыларынан және «Стрела-10» қару-жарағынан оқ атуды пысықтады.

 

        Оқ ату жаттығу басында зенитшілер дабыл бойынша көтеріліп, оқу полигонына штаттық техникаларымен марш жасады. Марш жасау барысында әуедегі ұшулар кезінде зениттік дивизион жеке құрамының іс-қимылдары пысықталды. 

        Ал, практикалық сабақтар кезінде зениттік дивизионның далалық дағдысын және маневрлік мүмкіндіктерін жетілдіруге, атыс жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше назар аударылды.

        Жаттығу барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшесінің зенитші-атқыштары «Стрела-10» қаруынан және ЗУ-23-2 қондырғыларынан шартты қарсыластың әуе нысаналарын іздеу және оны жою бойынша жауынгерлік атыс міндетін орындады.

        Бұдан басқа, зенитік зымыран кешендерінің есептоптары шағын көлемді нысандарды анықтау, сүйемелдеу және оларды тану бойынша жаттығуларды да пысықтады. Сондай-ақ, әскери және мемлекеттік маңызды нысандарды әуе қарсыластарының соққыларынан қорғау бойынша жаттығулар өткізді.

        – Бүгін біздің зенитшілер жауынгерлік атыс даярлығынан өтті. Олар марш жасау, жергілікті жерді инженерлік жабдықтау бойынша нормативтерді пысықтап, әр бөлімшелер мен есептоптары жақсы нәтижеге қол жеткізді, – деді дивизион командирі майор Дархан Әбілтай.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Абзал Сартаев