Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ұзынағаш кәсіптік колледжінде халықаралық білім жүйесі енгізілген


15 февраля 2022, 07:41 | 4 293 просмотра



Еңбек нарығында сұранысқа ие маман иелерін дайындау мақсатында білім ордасы “Жас маман” жобасын мықтап қолға алған. Кәсіптік колледж бағдарламаның барлық талаптарына сай келгендіктен, мемлекеттен 240 миллион теңге қаражат бөлінген. Ол соммаға ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Атап айтсақ: астық комбаин, Беларусь тракторлары, камаз типтегі ауылшаруашылық жүк автокөлігі, соқа, культиватор, дискілі шөп шапқыш, тыңайтқыш шашу машинасы, тұқым сепкіш, аспалы шөп тиегіш машинасы, топырақ тырмалағыш, трактор прицепі сияқты ауылшаруашылық машиналары. Осылардың барлығы жерді жыртудан бастап астық жинағанға дейін барлық технологиялық операцияларға қатысады.
Колледжде жалпы 501 студент дәріс алады. Соның ішінде фермер шаруашылығы бойынша 87 студент бар. Олардың 27-сі биыл бітіреді. Жалпы осы білім ордасынан шыққан түлектер халықаралық деңгейдегі жас мамандар болып шығады.
«Колледждің 5 жылдық даму стратегиясын қайта қарастырып жатырмыз. Соған байланысты осы тұрған техникаларды меңгерудеміз. Бізге жалпы аудан әкімдігі де қызығушылық танытып отыр. Біз аудандағы 4000-нан аса шаруақожалықпен тығыз жұмыс жасаймыз және кейбіреулерімен келісім шартқа отырдық. Олардың берген тапсырмаларын жер жырту, себу, ору болсын уақтылы орындауға тырысамыз. Техниканың барлығы жерді жыртудан бастап, астық жинағанға дейін жабдықталған және комплексті түрде жүреді», - дейді Жамбыл атындағы Ұзынағаш кәсіптік колледжінің директоры Болат Алтаев.
Сонымен қатар, колледждің 3 курс студенті Ниетбаев Каммаладин де өз пікірін білдірді.
«Қазіргі тракторлар өте замануи әрі ыңғайлы болып келеді. Мәселен ескі тракторларда кондиционер болмаған қазіргілерде бар. Өзіме тактормен жұмыс жасаған өте қатты ұнады. Сондай-ақ, Джондир американдық астық оруға арналған техника да көңілімнен шықты» –, дейді ол.
Айта кету керек, студенттер 6 мамандық бойынша білім алады. Олар: тамақтандыруды ұйымдастыру, дәнекерлеу ісі, ферма шаруашылығы, слесарлық іс, ауыл шаруашылығын электрлендіру және автоматтандыру және шаштараз өнері мен сәндік косметика.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі