Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Алаштың нары --Ахмет» атты еске алу кеші өтті


14 февраля 2022, 03:36 | 3 952 просмотра



Бүгін, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында қазақ халқының көрнекті тұлғасы, Алаштың рухани көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Алаштың нары --Ахмет» атты еске алу кеші өтті.
Кеш барысында Филология ғылымдарының докторы, Ілиястанушы, Жетісу университетінің оқытушысы Мұратбек Иманғазинов Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары туралы тың ақпарат берсе, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты ТөлеутайСеріков Мұратхан Егінбаевтың «Үш арыс» әнін орындап кеш қатысушыларын жігерлендіре түсті. Сондай-ақ, Жетісу газетінің журналисті, әдебиет зерттеуші Қажет Андас Ахаңның қытай жеріндегі жарық көрген тың деректерімен бөлісті. Жас әдебиетші Ерден Нұрахмет те ақынның композиторлық қырына жасаған зерттеу баяндамасынан кейін Самат Слямғазин сөз алып Алаш арысына арнаған өз өлеңін оқыды. Кеш соңын С. Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева келген қонақтарға кітапхананың алдағы жосрарымен бөлісіп, ұжым атынан алғыс білдірді.

Ахмет Байтұрсынұлының еске алу кешін (модератор) ақын Жангелді Немеребай жүргізді.

Автор:
Жаухар