Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Ортағасырлық кітапханалардың құпиясы


8 февраля 2022, 07:24 | 1 440 просмотров



Ең алғашқы кітапхана осыдан сегіз мың жыл бұрын пайда болған. Ежелгі Месопотамия тұрғындары жазуды саздан жасалынған тақтайшаларға жазған. Сондай мыңдаған тақтайшалар ежелгі сарайларда сақталып келді және тақырыптары бойынша сұрыпталды. Ежелгі египеттіктер жазуды әуелі шиыршықталып, сосын түтік сияқты оралған папирус қағаздарға жазды.
Біздің эрамызға дейінгі 332 жылы Александр Македонский негізін қалаған, Египеттегі атақты Александрия кітапханасында осындай мыңдаған қағаздар сақталып келген. Б.э. IV ғасырында Римде көпшілікке арналған 28 кітапхана жұмыс істеген.
Ал орта ғасырларда кітапханалар монастырлар мен университеттердің жанынан ашылған. Ұрлық-қарлықты болдырмас үшін ол уақытта кітаптарды қабырғаларға шынжырмен бұғаулап тастайтын болған.
«Мәңгілік ел» идеясына негізделген Ұлы даланың руханияты қадам заманнан тамыр тартады. Тұжырым мен құбылысы ерекше түркілік таным мен тарихи көркем құндылықтар адамзаттың өркениет кеңістігіне өз үлесін қосты. Ежелгі Эллада мен көне Қытай жылнамаларындағы жазба мұралар соны толық растайды. Дуньхан мен Дунай арасындағы сақ, скиф, ғұн, түрік, оғыз, қыпшақ дәуіріне қатысты Пазырық, Берел, Ертіс, Есік, Талас, Орхон-Енисей, Селенгі, Бұғыты, Отырар, Бату Сарай мен Сарай Берке, Сығанақ, Күлтөбе қорымдарынан табылған қазба айғақтар мен тұңғыш әліпбилік жазулар түркі өркениетінің даму деңгейінің ежелден ақ жоғары болғандығын танытады.
Ұлы дала арқылы өткен «Ұлы жібек жолы» шығыс пен батысты ұштастырған өркениеттің көпірі болды. Тек экономикалық қана емес мәдени қарым қатынастарға да жол ашып, жалпы адамзаттың рухани-мәдени және жағрафиялық дүниетанымының кеңеюіне арна салды. Еуразия кеңістігін мекендеген түркі қағанаттары олардың өзара алаңсыз араласуына кепілдік берді, сөйтіп, Батыс пен Шығыс өркениетінің алтын арқауы дәнекеріне айналды, жалпы адамзаттық өркениеттің ұштаса дамуына тікелей себепкер, әрі жауапкер мемлекет болды. Батыс пен Шығыстан өздері де үйренді, өзгелерге де үлгі көрсетті. Алтын мен күміс пайзілерге, қайың тозы мен «мәңгілік тастарға» өгіз терісіне, қағазға басылған жазулар, теңгелердегі таңбалар соның айғағы. Мұны Гередот пен Страбоннан (б.з.д.V-IIIғ.). Сыма-цян мен Бань-Гуден (б.д.д II-I ғ.). Ат-Табариден (IX ғ. ) бастап Дулатиға (XV-XVI ғ.) дейінгі тарихшылардың жазбалары толық растайды.
Сондай асыл қазыналарды күлтөбелер мен қорғандарға айналған «Даналық үйлерінің» үйіндісін заманалар бойы бауырына басып сақтап келген Ұлы Даланың өзі де табиғи кітапхананың міндетін атқарды. «Шығыстың гүлдену» дәуірі тұсында христиан уағыздаушылары мен тақуалары өртеген «Александрия кітапханасын» қайта түлету мақсатында араб халифтары Харун Әр-Рашид (786-809) пен Мамун (813-833) «Даналық үйін» (Байт Әл-Хикма) ашып, оны аса бай кітапханамен обсерваториямен қамтамасыз етті. Дүние ықылымның барлық саласына арналған кітаптарды бір орталыққа шоғырландырып, ғылыми-зерттеу аударма, кітап шығару жұмыстарымен белсене айналысты. Еуропаның гүлденуіне жол ашқан ұлы ілім иесі деңгейіне көтерілді.
Ол ықылым замандардың өзінде-ақ көбінесе территориясының кеңдігі, байлығының қисапсыз молдығы, әскери қуаттылығының күштілігімен ғана емес, қандай мәдениетті еншілегендігімен де айқындалған. Соның бір белгісі білім ғылымның қанат жаюы. Көне замандардағы ғылым мен білімнің қайнар көзі – кітап болғандығына ешкім күмән келтіре қоймас. Сондықтан болар әлем өркениетінде жұмыр басты пенде біткенді таң-тамаша қалдырған талай-талай оқиғалар, тіпті тұтас бір өркениеттің өзі адамзат жадынан ұмытылған кездер аз болмаған. Әлемнің сегізінші кереметі ретінде әлі күнге дейін кейде аңыз, кейде ақиқат ретінде бүгінгі күнге дейін жеткен мәдениет кереметтерінің бірі – Александрия кітапханасы Александрия мусейоны деп аталған антикалық дүниедегі ғылым мен мәдениеттің аса үлкен орталығының ажырамас бөлігі болған. Оның негізін әйгілі Аристотельдің шәкірті Деметрий Фалерский біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда қалапты. Мусейонның ел тарихындағы бет бедерінің күштілігі соншалық оны басшысын рим жаугершілігіне дейін Птоломейдің өзі, ал кейіннен Рим императорлары тағайындаған. Ұлы мәдениет қана ұлы тұлғаларды туғызатынын осы Александрия мусейонының тарихы айқын дәлелдеді. Сондықтан онда ұлы математиктер Архимед, Евклит, астроном Аристрах Самосский, философтар Филон мен Плотин, ақындар Калимах пен Феокриттер өзінің ғасырларды қойып, мыңжылдықтарды артқа тастап, бүгінгі күнге жеткен ұлы туындыларын дүниеге әкеледі.
Міне, осы мусейонның атын әлемге әйгілеген мәдениет қызметтерінің бірі- оның атақты кітапханасы. Бұл кітапханада сол заманның өзінде 100 мыңнан 700 мыңға дейін кітаптар болған. Александрия кітапханасы біздің дәуіріміздегі 47 жылғы Александрия соғысында өртеніп кеткеніне қарамастан, араға біраз уақыт салып Перғам кітапханасының кітаптары негізінде қайта түледі. Арада тағы үш жарым ғасыр уақыт өткенде император I Феодосийдің тұсында сол ұлы кітапхана христиан-фанатиктерінің қолымен тағы да өртке оранды. Александрия кітапханасының бар ақиқаты осы. Ал оның феномендігі өз заманындағы ұлы перғауындар мен императорлардың бәрін артқа тастап, күні бүгінге дейін жетуі. Ұлы жаугершілік замандарда талай ұсақ мемлекеттер ірілердің табанында тапталып, тарих сахнасынан біржола жойылып кеткен кезеңдерде кітапхана сияқты құтхананың мемлекетттер тарихынан да, адамзат жадынан да өшпей қалуы Александрия кітапханасының ұлт, мемлекет сияқты ұғымдардың шеңберінде қалып қалмай, жалпы адамзаттық құндылық - феномен дәрежесіне көтерілгендігінің белгісі.
Қазір батыстың бірқатар тарихшылары гүлденген Александрия кітапханасын екінші халифа болған Омардың (р.а.) тікелей нұсқауымен мұсылмандар қиратты деген аңызды айтып жүр. ХХ ғасыр басында Ресейде жарық көрген «Брокгауз бен Ефронның Кіші энциклопедиялық сөздігінде» былай дейді: «Александрия кітапханасы негізін Александрия қаласында ІІ Птолемей қалаған, қорында 500 мың том кітап болған.Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біздің жыл санауымыздың басынан бастап Отырар қаласы да кітапханасы да көтеріле бастаған. Жарайды, 341 жылға дейін кітапхана кішкентай болған шығар деп есептейік, екінші орында болған шығар. Бірақ, әлдекімнің сол кітаптарды салыстырды дегеннің өзі күмәнді. Александрия кітапханасы 391 жылы өртелген болса, Отырар кітапханасы сол жылдан бастап бері қарай, яғни 830 жылдай әлемдегі ең үлкен кітапхана болып тұрған. Ал енді тым батыл шешім айтар болсақ, Александрия кітапханасының басым бөлігінің өртелуі б.д.д. 47 жылға тиесілі екенін ескерсек, өрттен аман қалған кітаптары бар болған күннің өзінде Отырар кітапханасының қорынан аз болуы мүмкін. Олай болса, Отырар кітапханасы 1000-1200 жыл шамасындай уақыт дүние жүзіндегі ең үлкен кітапхана болған! Мың жыл деген аз уақыт емес, Рим империясынан да үлкен.
Кітап – халықтық қазына. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлттық Тәуелсіздіктің 10 жылдығына орай белгілеп берген нысаналы бағдарламасына сәйкес, Еуразия кеңістігіндегі мәдени-рухани сабақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетті жанынан «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы ұйымдастырылды. Мұндағы басты идея «Александрия кітапханасы» (б.д.д. IIIғ.б.д.д.IV ғ.) адамзаттың ежелгі кеңістігін Еуразия кеңістігіне тарату. «Шығыстың дәуірлеу» заманында өмір сүрген «Отырар кітапханасы» (VIII-XIII ғ.ғ.) сол идеяны одан әрі жалғастырып, Еуразия кеңістігіндегі орналасқан және еуразиялық саяси, мемлекеттік, экономикалық, мәдениеттік, руханияттық ынтымақтастықты басты даму бағыты ретінде, ұстанып отырған Қазақстан Республикасының Астанасында құрылып отырған «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы – сол үзіліп қалған дәстүрді қайта жаңғыртып, Еуразия
кеңістігіндегі өркениеттің өткені мен бүгінін кемел келешекке жалғастыратын білім ордасы болады, – деген сындарлы мақсатқа негізделген.

Автор:
Уазбекова Жанар Турсынбаевна, Талдықорған қаласының №14 орта мектеп гимназиясы КММ-нің тарих пәні мұғалімі