Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 6.5% - ға төмендеді


3 февраля 2022, 09:20 | 2 860 просмотров




Облыста 15 672 онкологиялық науқас динамикалық бақылаға алынған. Бұл туралы Jetisy ' Media ақпараттық алаңында өткен брифинг барысында белгілі болды.
Сонымен, 2021 жылы диспансерлік есепке 2867 науқас алынған болатын: оның ішінде 1146 ер адам және 1721 әйел адам. 2020 жылмен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіші 22,7% - ға өсті. Бірінші орында сүт безі обыры, бұл 12,7% - ды, одан кейін асқазан обыры 8,6% - ды, өкпе обыры 7,8% - ды құрады.
"Өкінішке орай, 2021 жылы 1206 науқас қайтыс болды: оның ішінде 643-і ер адам және 563-і әйел адам. Алайда, бұл 2020 жылға қарағанда 6.5% - ға аз", - деп атап өтті Талдықорған қаласындағы облыстық көпсалалы клиниканың медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Гүлайым Оразбекова.
Еске сала кетейік, Алматы облысында 1-10 ақпан аралығында қатерлі ісік ауруын диагностикалау бойынша онкүндік өтуде, оның барысында тегін кеңес беру мен скрининг қарастырылған.