Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Қоғамдық қабылдау


1 февраля 2022, 06:42 | 2 808 просмотров



"29 қаңтар күні облыстық мәслихат хатшысы, әрі партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жанболат Жөргенбаев Панфилов ауданында көшпелі қабылдау өткізді. Аудан әкімдігінде облыстық мәслихат депутаты С.Сарсеков, аудандық мәслихат хатшысы Ербол Отарғалиұлымен бірге 11 адам қабылдап, мәселелері қаралды", - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Қабылдау барысында азаматтар орта мектеп құрылысы, ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, газдандыру, инженерлік-комиуникация жүйелерін тарту, жұмыспен қамту, жатахана мәселесі, жайылым жер, көше атауын беру мәселелерімен көтерді.
Барлық қаралған сұрақтар бойынша Жанболат Әкебайұлы тиісті жауап беріп, мәселелерді жеке назарына алды.

Бұл жұмыстар мемлекет Басшысы Қ.Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасын, халықпен кері байланысты нығайту, мәселелерді тиісті өкілдікке жеткізіп, шешу мақсатында жүргізіліп отырған жұмыс.

Жалпы бұл бағыттағы көшпелі қабылдаулар одан әрі жалғаспақ. Келесі аптада Ұйғыр, Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарында жүргізіледі. Алдын-ала жазылу үшін тиісті аудан-қалалық маслихатқа хабарласу қажет.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі