Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Талдықорған гарнизонының әскери қызметшілері тұрақты орналасқан пунктеріне оралды


27 января 2022, 05:46 | 2 559 просмотров



Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланғаннан бері Талдықорған гарнизоны десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері алғашқы күннен бастап ішкі істер органдарының қызметкерлерімен блок бекеттерде бақылау-өткізу режимін қамтамасыз етті.
Аталған әскери қызметшілер құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Талдықорған маңындағы кіреберістерде төрт бақылау-өткізу бекетінде қызметке жұмылдырылды. Тәулік бойы блок бекеттерде қырағылықпен қызмет атқарған әскери қызметшілердің негізгі мақсаттары қалаға кіріп шығатын автокөліктерді мұқият тексеріп, табылған бөгде заттарды тәркілей отырып, ішкі істер органдарына тапсыру.
Төтенше жағдай режимі аяқталып, коменданттық сағат тәртібі тоқтатылған. Алайда қалада антитеррорлық операцияның жалғасуына байланысты қала маңындағы блок бекеттер қазіргі таңға дейін алынбаған болатын. Нәтижесінде бірлігі мен тыныштығын сақтап қалған қалада орнатылған блок бекеттер бүгіннен бастап алынып, Қарулы Күштердің бөлімшелері тұрақты орналасқан пункттеріне оралды.
Сонымен қатар, Талдықорған қаласының мемлекеттік және жеке меншік ұйымдарының басшылығы және қала тұрғындары әскери қызметшілердің жұмысына қолдау көрсетіп, түсіністікпен қарап, төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді.
– Біз жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезінде, яғни блок бекеттерді бақылауда барлық автокөліктерді жіті тексеріп, табылған бөгде заттарды ішкі істер органдарына тапсырып отырдық, – десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары майор Дастан Кәрімов.
Айта кеткек, жеке құраммен жауынгерлік техникаларды тұрақты орналасқан пунктеріне Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автокөлік инспекторланының сүйемелдеуімен оралды.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі