Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Тема: Ана мен бала денсаулығы

Серіктеске адалдық – АИТВ жұқпасынан негізгі қорғаныс


25 января 2022, 02:35 | 2 292 просмотра



Жыныстық байланыс серіктестерінің қанша бөлігі ретсіз болып саналады?  Сүйікті адаммен АИТВ-ға тексеру қажеттілігі туралы қалай сөйлесуге болады?

«Кездейсоқ жыныстық қатынастар» деген сөзді жиі естуге болады, бірақ біз қандай серіктестер туралы айтамыз? Негізі, бұған нақты жауап жоқ: өйткені ол жағын біз әрбір жеке адамның моральдық құндылықтары мен қағидаттары тұрғысынан ғана бағалай аламыз. Біреуге жыныстық серіктестерін әр алты ай сайын өзгерту табиғи нәрсе болса, енді біреу мұндайды қабылдамайды, бір серіктеспен және өмір бойы қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастырады.

Сонымен бірге, репродуктивті денсаулыққа орай, жыныстық серіктесті өзгерте беру АИТВ жұқтыру қаупін жоғарылатады. Мысалы, егер серіктес 3-4 айда бір рет (немесе одан да көп) өзгерсе, атап айтқанда «терезе кезеңінің» орташа ұзақтығы болса, қауіп бірнеше есе артуы мүмкін. Мұндай өмір салтының қаншалықты қауіпті екенін елестету үшін мынаны түсіну жеткілікті: 1 жыныстық серіктес - АИТВ-инфекциясын жұқтыру, 2 жыныстық серіктес - жұқтыру қаупін 2 есе жоғарылату, 4 жыныстық серіктес  – жұқтыру қаупі 4 есе жоғары деген сөз.

Әрине, өмірде бәрі біршама күрделі және серіктестер арасындағы құмарлық бірден басталуы мүмкін. Ең бастысы, адаммен жақындық туралы шешім қабылдағанда, денсаулығыңыз туралы ұмытпауымыз керек. Тәуекелдер жоғарыда сипатталған.

Көптеген ерлі-зайыптылар үшін тағы бір проблемалық мәселе - АИТВ-ға тексеруден өту қажеттілігі туралы әңгіме. Сенімсіздік туралы сөз сөзсіз туындайды, бірақ тексеру мәселесі, ең алдымен, сенім мәселесімен емес, өз денсаулығына қамқорлық жасаумен байланысты. Әңгімені осыдан  бастау керек. АИТВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы ағзада белгі бермей жататындықтан, алдыңғы жыныстық серіктес инфекция көзі болуы мүмкін.

Көптеген адамдар мүшеқаптарды АИТВ-инфекциясынан қорғайтын құрал деп есептейді, әрине, оларды қолдану вирустан қорғай алады, бірақ 100% кепілдік бермейді.

Жыныстық серіктесіңізде аурудың жоқтығы туралы анықтама болса да, ол іс жүзінде оның денсаулығына кепілдік бере алмайды. Сондықтан, бұл жағдайда АИТВ-инфекциясынан қорғаныс – өзінің жалғыз серіктесіне адалдық (кездейсоқ жыныстық қатынастардың болмауы), сондай-ақ жыл сайын АИТВ-ға тест тапсыру болып табылады.

Автор:
Меруерт ЧАЖАЕВА, эпидемиолог дәрігер