19 января 2022, 07:32 | 1 475 просмотров
Талдықорған қаласы мен Алматы облысының аумағында сақталып отырған Терроризмге қарсы операция режимі мен террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі туралы хабарлайды. Терроризмге қарсы іс-шаралар шеңберінде Алматы облысы бойынша ПД, Ұлттық Ұлан және ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің күшімен қаланы тәулік бойы патрульдеу қамтамасыз етіледі. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда. Террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың, көлік құралдарының жеке басын тексеруге және заттарын тексеруге, сондай-ақ олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілетінін еске саламыз. Шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, заң талаптарын ұстануды сұраймыз. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарлаймыз.