Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери қалашықта балаларға арналған жаңа ойын алаңдары салынды


19 января 2022, 05:39 | 1 633 просмотра



Жуырда Сарыөзек гарнизоны әскери қалашықтардағы көп қабатты үйлердің алдынан балаларға арналған ойын алаңдары кеңейтіліп, ойын құрылғылары тұрғызылды.

 Бұл ойын алаңқайы балалардың дене шынықтырумен айналысулары үшін маңызды ененін айта кеткен жөн.

Мұнда балаларға арналып әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабық ойын құрылғылары орнатылған. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемдеп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген. Одан басқа таза ауада демалу үшін орындықтар қойылған.

– Әскери қалашығымызда осындай ойын алаңдардың болуына ризамыз, тұрғындардың атынан алғысымды айтамын. Елімізде осындай жақсы істер арта берсін, – деді әскери қалашықтың тұрғыны Айхан Еркебаева.

Заманауи ойын алаңқайында ересектерге арналған жаттығу құрылғылары да орнатылған. Әскери қалашықтың тұрғындары, үй ауласының маңында бүлдіршіндер алаңқайы болғанына дән риза.

Ал балалар болса тұрғызылған құрылғыларда асыр салып ойнап, ойын алаңы мәре-сәре болуда. Сондай-ақ бұл жерде балалар ойын барысында жарақат алып қалмауы үшін барлық қауіпсіздік қарастырылған.

Одан өзге әскери қалашықтардың аумағында шағын футбол стадионы құрылып, қолданысқа берілді.

 

 

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев