Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Қауіпсіздік -бейбіт өмір бастауы»


15 января 2022, 08:48 | 7 287 просмотров



Бүгін, Талдықорған қаласының №9 орта мектебімізде, мектепшілік «Өзін- өзі басқару» ұйымымен «Қауіпсіздік -бейбіт өмір бастауы» атты тақырыпта ZOOM арқылы брифинг кездесуі өткізілді. Кездесу екі тілде өткізілді қазақ және орыс тілінде.
Осы кездесуде біраз жақсы сұрақтар, қазіргі кездегі еліміздегі және біздің сүйікті қаламыз Талдықорғандағы болып жатқан жағдайға байланысты ақпараттар айтылды.
Мысалға, осы кездесуде көтерілген тақырыптардың бірілерін айта кетсек, олар: «Еліміздегі, Талдықорған қаламыздағы ахуалдық жағдайы», «Жалпы қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі» және «Коронавирус індетінің алдын алу» туралы ақпараттар берілді.
Құрметті ата- аналар, балаларыңыз қазіргі еліміздің ахуалдық жағдайына байланысты, кешкі және түнгі уақытта көшеде жүріп қалмасын. Үйлеріңізде болғандарын қадағалап отырыңыздар.
«Өзін-өзі басқару» ұйымы оқушыларымызды қолдау форматында әлде тағыда әр түрлі тақырыптағы өтетін кездесулердің болатындығын айтта кетті.
Осы кездесуді өткізген мектепшілік «Өзі-өзі басқару» ұйым мүшелері және мектебіміздің Президенті Оралбек Айназға үлкен рақмет айтықымыз келеді.
Оқушылардың қойлыған сұрақтарына және сұраныстарына мектеп директордың орынбасарлары Ж.Қ. Сандыбаева, С.К. Блеутаев және мектепшілік «Өзін –өзі басқару» ұйым мүшелері жауап берді және аталған сұраныстарға мектеп әкімшілігі ескерді.
Кездесудің жалпы жауаптылары мектеп директордың орынбасарлары Ж.Қ.Сандыбаева, С.К. Блеутаев.
Ал, сөзімді аяқтай отырып «Еліміз аман-жұртымыз тыныш болсын» ардақты ағайын.
Сау саламатта жүздесейік, сіздерге мың алғыс!

Автор:
С.Блеутаев, Талдықорған қаласының №9 орта мектеп директордың орынбасары.