Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте әскери қызметшілерел тыныштығын күзетуде


15 января 2022, 08:28 | 1 559 просмотров



Елімізде 5-ші қаңтардан бері Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төтенше жағдай жариялағаны бәрімізге мәлім. Соған байланысты Сарыөзек гарнизонындағы әскери бөлімдердің әскерилері дабыл бойынша көтеріліп, айрықша режимге ауыстырылды.

 

           Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамына кіретін Сарыөзек гарнизоны шабуылдаушы бөлімдердің әскери қызметшілері ең алдымен гарнизонда орналасқан әскери обектілер мен аса маңызды нысандарды күзетуді ұйымдастырып, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау орындарын күзету шараларын күшейтті.

           Одан басқа гарнизонда шұғыл әрекет ету штабы құрылып, онда әскери қызметшілер терроризмге қарсы әрекет ету операциясы мен төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті, ел тыныштығын қамтамасыз ету бойынша аса күрделі іс-шараларды атқаруда.

          Сонымен қатар, гарнизонның шабуылдаушы бригадалары құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Сарыөзек маңындағы кіреберістерде үш бақылау-өткізу бекетін нығайтуға жұмылдырылды. Онда әскери қызметшілер полиция қызметкерлерімен бірге өз қызметтерін атқарып, жіті бақылауда.

          Оның басты мақсаты – террористік және радикалды элементтердің ауданға енуіне жол бермеу.

– Елімізде төтенше жағдай орын алғаннан бастап, біз әскери қызметшілер Отан қорғау ісімізге асқан жауапкершілікпен кірістік. Казіргі уақытта әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік машығын көрсетуде, – деді шабуылдау бригадасының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі аға офицері майор Әзімбек Ізбасар.

Сондай-ақ, Сарыөзек гарнизонындағы десанттық-шабуылдау әскерлері Алматыға жөнелтіліп, төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шараларына белсене атсалысуда.

          Отан қорғаушылары өз парызын адалдықпен орындап, елі мен жерін қорғауға қашанда даяр екенін айта кеткен жөн.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев