Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

КОВИД: Алматы облысы 2021 жылы пандемиямен қалай күресті?


31 декабря 2021, 04:40 | 1 099 просмотров



Алматы облысында пандемия басталғалы бері коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы белсенді күрес жүріп жатыр. Атап айтқанда аудандық ауруханның дәрігерлері өкпесі 100% зақымданған жүкті әйелді құтқарып қалды. Босанған әйелдің өкпесін 34 күн бойы жасанды аппарат ауыстырып, 2 айдың ішінде толық емделіп шықты.

Мұны вакцинация бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқандығымен түсіндіруге болады. Мысалы, қазіргі уақытта 46 437 адам ревакцинация курсынан өтті. Жалпы, иммундаудың толық курсынан 840 394 адам өтті.

Айта кету керек, облыста 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау үшін 451 620 доза вакцина бөлінген.

Сондай-ақ, елді мекендерде 318 егу пункті ашылды, 76 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді, ал "Комирнати" вакцинасын сақтау үшін (-60 -90 С) төмен температурада 7 мұздатқыш камера сатып алынды.

Облыста 57 788 жұқтыру жағдайы тіркелген, қазіргі уақытта инфекциялық стационардың жүктемесі 23,6% - ды құрайды. Мәселен, облыс ауруханаларында 17 компьютерлік томограф, 53 рентген, 148 Хай Флу, 606 ӨЖЖ аппараттары орнатылған.
Облыс тұрғындарына 206 жедел жәрдем бригадасы мен 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді.

Соңғы аптада коронавируспен ауыратындардың өсу қарқыны 0,02% құрады, желтоқсан айында 307 жағдай анықталды.  Сондай-ақ, қажет болған жағдайда төсек-орын қоры 6 мыңға дейін жеткізіледі, 4 облыстық ахуалдық орталықтың дәрігерлері ауыр науқастар бойынша бейне-консультациялар өткізеді.

Автор:
Шалқар Оразбаев