Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімде спорт түрлерінен жарыс өтті


30 декабря 2021, 09:32 | 1 135 просмотров



Сарыөзек гарнизонының шабуылдау бригадасында спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, оған әскери бөлімнің әскери қызметшілері қатысты.

Шараның мақсаты – жеке құрамды Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, ерлік, батырлық, патриоттық сезімдерін арттыру, және әскери қызметшілердің арасында белсенді және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Волейбол, қол күрес, кір тасын көтеру, арқан тарту спорт түрлері бір уақытта қатар өткізіліп, онда әскери қызметшілер өз командалары үшін аянбай, бақтарын сынап, шеберліктерін көрсетіп, күш сынасты.

– Шараның бір ерекшелігі, ол жеке құрамды тек спортқа баулу ғана емес, ерік-жігері мықты, өзіне сенімді Отан қорғаушы азаматтарды тәрбиелеуге жол ашады. Бұл – азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды құрамдас бөлігі, – деді бөлімнің дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Алексей Тюрин.

Қызықты да тартысты болған спорттық сайыста жеңімпаздар анықталып, бригада командирі полковник Ержан Ембергенов жарыстың жеңімпаз командалары мен жүлдегерлеріне мақтау қағаздары мен медальдар табыс етті.

Айта кету керек бүгінде гарнизонда орналасқан спорттық кешендердің әр түрлі спорттық секцияларында спорттық-сауықтыру шаралары жүйелі түрде жұмыстар атқаруда.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев