Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарыөзекте взвод командирлері даярлық деңгейін арттыруда


30 декабря 2021, 09:30 | 1 118 просмотров



Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдау бригадасында взвод командирлерінің даярлық жиыны өтіп жатыр. Оған танк, артиллерия, зениттік, инженерлік, байланыс және барлау взводтарының командирлері қатысуда.

 Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы Күштерінде түрлі деңгейдегі командирлердің практикалық даярлығын жетілдіру әдістерінің бірі жиын өткізу болып табылады.

Оның басты мақсаты взвод командирлерінің кәсіби даярлығы мен білімін жетілдіру, машықтарын арттыру, картамен және басшылық құжаттармен жұмыс жасауды меңгеру, аз уақыт ішінде тез шешім қабылдауды үйрету болды.

Жиынды сапалы дәрежеде ұйымдастыру мақсатында бөлім командирінің орынбасарлары, әскери бөлім басқармасы, батальон және дивизион командирлері санатынан тәжірибелі офицерлер жұмылдырылды.

Сабақ барысында взвод командирлеріне теориялық дәрістер оқылды. Ал байланыс, топография сабақтары мен әскери медициналық дайындықтардан практикалық сынақтар тапсырылды.

– Оқу барысында әр взвод командирі жауынгерлік білімі мен кәсіби деңгейін арттырып, өзара тәжірибе алмасты. Күнделікті әскери өмірдегі іс-шараларды сапалы ұйымдастыру, әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әдістемелік, оқ ату және тактикалық даярлықтарды жақсарту мәселелері қаралды, – деді бөлімнің жауынгерлік дайындық бөлімшесінің аға офицері майор Фархад Маметов.

Ал практикалық сабақтарда взвод командирлері штаттық қаруды және жауынгерлік машиналардың қару-жарағын игеруде өз шеберліктерін көрсетіп, дене дайындығынан нормативтерді тапсырады.

Айта кету керек бүгінгі таңда Қарулы Күштердің командирлеріне едәуір күрделі міндеттер жүктелген.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев.