Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Бюджет мәселесі қаралып, сессия қарауына жолданды


30 декабря 2021, 08:50 | 1 670 просмотров



«13 желтоқсан күні Алматы облыстық мәслихатының экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясы отырысы өтті», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Депутаттар күн тәртібінде «Алматы облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы», Алматы облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы «Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту туралы» № 1-11 шешіміне өзгерістер енгізу және «Алматы облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы мәселелерді қарады.

Күн тәртібінде облыстың алдағы 3 жылғы бюджетімен, даму бағдарламасы жайында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Әмірханов баяндап өтіп, депуаттардың қойған сауалдарына жауабын берді. Өңірдің халық қалаулылары тарапынан кейбір салаларға бюджет көлемін ұлғайты, сонымен қатар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында көзделген нысандардың қаржыландыру мәселесі басты назарда болу керектігін атап өтті.

Осы және мәслихат аппаратының ережесін бекіту мәселесін депутаттар толыққанды қарап, сессия қарауына жолданды.

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі