Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысының 3 жылдық бюджеті сессия отырысында қаралды


30 декабря 2021, 08:47 | 860 просмотров



«15 желтоқсан күні Алматы облыстық мәслихаттың кезекті ХІІ сессиясы өткізіп», - деп хабарлайды Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Облыстық мәслихат хатшысы Ж.Жөргенбаев төрағалығымен өткен сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Ж.Тұяқов, департамент, басқарма басшылары, аудан-қалалық мәслихат хатшылары қатысып, ауқымды мәселелер қаралып, депутаттар мақұлдануымен шешімі бекітілді.
Оның ішінде, өңірдің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті, 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы шешіміне және облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселе депутаттардың дауыс беруімен оң шешім қабылданды.

Сонымен қатар, Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту, облыстық мәслихат мекемесінің ережесі және облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы бекітілді.

Облыс бюджетінің үш жылдық кезеңге арналған жалпы көлемі 2,7 трлн.теңге, оның ішінде 2022 жылға – 857,3 млрд. теңге сомасында есептелді. Сессия барысында депутаттардың мақұлдануынан өткен қаржы өңір дамуы үшін іске аспақ.

 

 

Автор:
Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметі