Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жауынгерлік машиналарды жүргізуден тәжірибе сабақтары өтті


28 декабря 2021, 10:29 | 1 488 просмотров



Сарыөзек гарнизонындағы шабуылдау бригадасының жауынгерлік даярлық жоспары бойынша әскери бөлімнің оқу-жаттығу полигонында әскери қызметшілер шынжыр табанды әскери ұрыс техникаларды жүргізуді меңгеруде.

 

Жауынгерлік техникаларды жүргізу сабақтары күндіз және түнгі уақытта өткізілді.

Оқу-жаттығу полигонында БМП-2 және Т-72 танкінің механик-жүргізушілері қиылысқан жердегі кедергілерді барынша жоғары жылдамдықта еңсере отырып, дөңгелекті бронды техниканы жүргізу машығын жетілдірді.

Алдымен бөлімнің оқу-жаттығу полигонында көлікті жүргізу бағыттарында шынжыр табанды ауыр әскери техникалардың қозғалыс бағыты бойынша жол белгілері орнатылды.

Одан басқа, жауынгерлік  машиналарға отырмас бұрын әскери қызметшілер теориялық даярлықтан және нұсқамадан өтіп, оларға қауіпсіздік шаралары мен сынақ жаттығуын орындау шарттары түсіндірілді, сондай-ақ жергілікті жердің макетінде қозғалыс маршруты көрсетілді.

Сабақ барысында әскери қызметшілер бес шақырым қашықтыққа жүріп өтті. Жүргізушілер қозғалыс барысында түрлі жол жағдайларына кезігіп, жолда күтпеген кедергілерден өтіп, шеберліктерін шыңдады. Жауынгерлік машиналар көпірден жолтабан арқылы жүріп, ордан, бағандар арасынан өтуді, маневр жасау әдісімен мина-жарылғыш бөгеттегі жолтабан өткелімен жүруді орындады.

Оқу-жаттығуында, жүргізу ережесі бойынша әскери техниканы жүргізушілер оның габаритінің, бұрылу радиусының дұрыстығын ескерді.

– Мұндай сабақтар далалық жағдайда әскери қызметшілердің практикалық дағдыларын жетілдіру үшін тұрақты түрде өткізіледі. Әскери қызметшілер осы жаттығуларда алған білімдері мен шеберліктері келешекте әскери қызметте және алда өтетін басқа да оқу-жаттығуларда еркін қолданатын болады, – деп түсіндірді сабақ жетекшісі взвод командирі лейтенант Сәбит Төлеш.

Бөлім басшылығы әскери қызметшілердің жол қозғалысы ережелері бойынша білімдерін жетілдіріп, шынжыр табанды әскери техникалардың практикада жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін толық үйренуге назар аударды.

Автор:
Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығымайор Абзал Сартаев