Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

«Әскери альпиниада–2021» жеңімпаздары анықталды


24 декабря 2021, 07:16 | 1 012 просмотров



Талдықорған гарнизоны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы облысы Іле Алатауы тауларында Қорғаныс министрлігі Тау даярлығы орталығының базасында өткен «Әскери альпиниада–2021» жарысында жеңімпаз атанды.

Аталмыш жарысқа Бас штаб бастығының кубогын жеңіп алу үшін Талдықорған гарнизоны 48386 әскери бөлімінің тау даярлық ротасы  қатысып бақтарын сынады.

Сайыстың мақсаты Қасақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тау даярлығы бөлімшелерінің деңгейін және қызмет беделін арттыру. Сондай-ақ, «Армия ойындары – 2022» сайысында «Эльбрусс шеңбері» байқауына қатысу үшін ең мықты әскери қызметшілерді анықтау.

Жарыс барысында спортшылар берілген арнайы тапсырмаларды орындап шықты. Олардың ішінде Нұрсұлтан шыңына шығу, өзен арқылы аспалы арқанмен өту және жапсарласа өту, зардап шеккен адамды тасымалдау. Қатысушылар жартасқа жеке өрмелеу машығын көрсетіп, ойлы-қырлы жерлерге марш жасады.

Тартысты сайыстың нәтижесінде 3633 ұпай жинаған 48386 әскери бөлімінің тау даярлық ротасы  жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлады.

- Дәл осындай сайыстардың арқасында жеке құрам шыңдалып, мақсттарына жетуге себеп болады. Жеке құрамды солардың ішінде қатысушыларды маңызды мерекеміз – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ойластырылған жарыста Бас штаб бастығы кубогын жеңіп алғаны үшін шын жүректен құттықтаймын, - дейді 48386 әскери бөлім командирі подполковник Мерген Нұрбаев.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі