Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АИТВ жұқпасының алдын алайық


21 декабря 2021, 09:23 | 1 386 просмотров



Адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған кезден бастап аурудың алғашқы белгілері мен оның ЖИТС-ке ұласу кезеңі бірнеше жылға созылады, науқастардың жартысында симптомсыз кезеңі 10 жылдай мерзімді құрайды.
АИТВ қанға түскен кезде иммунитетке жауапты қан жасушаларына таңдап барып бекінеді, бұл - осы жасушалардың үстіңгі бетінде, АИТВ танитын CD 4 ерекшелік молекуласының болуына байланысты. Осынау жасушалардың ішінде АИТВ көбейеді және әлдебір иммунды жауап қалыптасқанға дейін-ақ, бүкіл ағза бойынша жылдам таралады. Бірінші кезекте лимфо торабын зақымдайды, себебі осы иммунды жасушалардың көптеген мөлшерінен тұрады.
АИТВ ауруының жылдам өрістеуі кезінде CD 4 жасуша – лимфоциттердің барған сайын көп мөлшерінің зақымдануына әкеліп, оның мөлшері бірте-бірте азаяды, нәтижесінде мұны ЖИТС-тің бастауы деп санауға болады.

Адамда АИТВ бар екенін білу неге қажет?
- Өз денсаулығына көбірек назар аударып, «оппортунистік» жұқпалардың алдын алып уақытында емді бастау үшін;
- Дер кезінде арнайы ауру дамуын басеңдететін препараттарды қолданып, аурудың дамуын тоқтату үшін;
- Өзіне жақын адамдарға, туыстарына, достарына жұқтырмау үшін;
- АИТВ-ны жұқтырған анадан жүктілік, босану, емізу кезінде балаға берілудің алдын алу үшін.
Қандай жағдайларда АИТВ тест тапсыру қажет?
- Кездейсоқ адаммен мүшекапсыз жыныстық қатынасқа түскенде;
- Стерилденбеген медициналык және медициналық емес құрал-жабдықтарды қолданғанда (денеге сурет салу, сырга тағу т.б.);
- Инъекциялық жолмен есірткі тұтынғанда;-
- Жыныстық жолмен берілетін инъекциялар табылғанда;
- Гепатит В және С табылғанда;
Қалай жұғудың алдын алуға болады?
- Әрбір жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану керек.
- Тек өзінің таза инъекциялық құралдарын қолданып және басқа адамға пайдалануға бермеу керек;
- Денеге таңба салу (татуировка) және сырға салу (пирсинг) кезінде тек таза құралдар қолдану керек;
- Қанмен және қан жұққан материалдармен жұмыс жасаған кездде ақсөл (латекс) қолғаптарын кию керек;
- Тек өзіңнің таза немесе жаңа жеке гигиена құралдарын (қырыну құралдары, тіс жуатын щеткалары) пайдалану керек;
- Жүкті анадан балаға АИТВ берілудің алдын алу әдістерін пайдалану (қоздырғышқа карсы препаратты жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде, емшекпен емізбеу) керек.
АИТВ жұқтырған адамдардың құқықтары шектеулі (мысалы, АИТВ жұқтырған адам қанның, органдардың доноры бола алмайды).

Автор:
А.Байқайып,Алматы облыстық ЖИТС орталығының маманы