Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Сарбаздар Отан алдында адал болуға ант берді


16 декабря 2021, 13:17 | 1 486 просмотров



Үштөбе гарнизонында жас сарбаздардан ант қабылданды. Бұл күн жас сарбаздар мен олардың ата-аналары үшін де үлкен мереке.

 Ант қабылдау рәсімі адам өмірінде бір рет қана келетін сәт.
Әскер қатарына шақырылған 50-ден астам қарағандылық Отан қорғауға атанды. Айта кетерлігі жауынгерлер ант қабылдамастан бұрын бір ай бойы жалпы әскери дайындықтан өтіп, сапта жүруге жаттықты, денелерін шынықтырып, қару-жарақты меңгерді. 

Әскери бөлімде санитарлық нормалар ескеріліп, арақашықтықты сақтап, ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.

Отан алдында адал болуға, елді қорғауға ант берген сарбаздарға Ауған соғысының ардагері запастағы капитан Қазбек Сарманбетов ақ жол тілеп, ел үшін қызмет ететіндеріне сенім білдірді.

– Қазақстан Республикасының жауынгері атануды Отан алдындағы борышым деп есептеймін. Замандастарыма, өскелең буынға осыны үлгі етер едім, – дейді қатардағы жауынгер Рохат Нұрханов.

Салтанатты ант беру рәсімінен кейін жас сарбаздардың нағыз әскери өмірі басталады. Олар бір жылы бойы жауынгерлік істің қыр-сырын меңгеріп, Отан алдындағы борышын өтейді.

 

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі