Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ИГІ ІСТЕРДІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ БОЛҒАН "АQNIET"


16 декабря 2021, 13:15 | 1 851 просмотр



AQNIET  Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Талдықорған филиалы ( ары қарай ,, AQNIET " ТФ) 13.12.2021ж. Атқару комитетінің кезекті кеңейтілген отырысын өткізді. Күн тәртібіндегі жеті сұрақ толығымен талқыланып, кеңеске қатысушылар алға қойған мақсат, міндеттемелерді мақұлдап, іске құлшына араласатындарын білдірді. Өз сөзінде филиал төрағасы А. Шалтабаев, бастамасын ағымды жылдың Наурыз айынан алған ,, ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына - 30 қайырымдылық іс" атты іс-шараны қорытындылай өтті. Іс-шара аясында 80-нен астам әлеуметтік аз қамтылған кәсіподақ мүшелерінің отбасына материалдық, азық-түлік, мектепке керек құрал-жабдықтармен, отын т.б. көмек берілді. Жүзден астам кәсіподақ мүшелері т е г і н жолдамамен ем алып, сауықтырылды. Жыл басынан еліміздің санаторияларында әрбір ТФ қарасты 30-ыншы кәсіподақ мүшесі демалу мүмкіндігіне ие болды. Жалпы "AQNIET" кәсіподағының Орталық кеңесінің және ТФ, съезде қабылданған бағдарламасы және жылдық жоспары 90%-дан астам орындалды.
Ауқымды жобалар іске асты, нақты айтатын болсақ: - қаңтар айында қосымша №1 салалық Келісімге қол қойылды, оған байланысты медицина қызметкерлерінің жалақысы 2021-2023 жылға дейін кезең-кезеңмен көтеріледі ( дәрігерлердікі 2,02-2,73 дейін, орта буын мамандарына 1,63-2,05 дейін); - онлайн еңбек ақы калькуляторы енгізілді; - еңбек қауіпсіздігіне жағдай жасау бойынша Республикалық конкурс өтті ( 2-ші орында ТФ фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы жеңіп алды); - денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы Халықаралық Конфедерациясының Атқару комитетіне және тексеру комиссиясының мүшелігіне ,, AQNIET " кәсіподағының төрағасы және орынбасары сайланды; - денсаулық саласындағы әлеуметтік диалог"-атты Халықаралық Еңбек Ұйымының (МОТ) қатысуымен онлайн Конференция өткізілді; - ,, медициналық адвокат" проекті іске қосылды; - Қазақстандық Еңбек Конфедерациясына мүшелікке өтіп, оның құқықтық және халықаралық бөліміне басшылық ету тапсырылды; - Халықаралық бірнеше отырыс пен Конгреске қатысып, екі аралық Келісімдерге қол қойылды.
Бұдан басқа да көптеген-іс шаралар іске асты. Тарихи маңызды күн қарсаңында ,, Тәуелсіздігімізге 30 жыл" толуына байланысты кәсіподақ белсенділері, ардагерлері және әлеуметтік серіктес ретінде қоян-қолтық жұмыстарды атқарып, еңбек адамының кәсіподақпен бірге жағдайын жасап, жанашырлық танытып жүрген Алматы облысы бойынша бірнеше медицина мекемелерінің басшылары да мерейлі төс белгілермен, алғыс хат, құрмет грамоталары, ақшалай және бағалы сыйлықтармен марапатталды. АQNIET-тің ұйытқысы болуымен игі істер жалғасын тауып, медицина саласындағы қызметкерлердің, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік экономикалық жағдайларының жақсаруына "AQNIET" тер төге еңбек етеді.

 

Автор:
"AQNIET" Tалдықорған филиалы