Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

AQNİET» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ АНКАРА КОНГРЕСІНДЕ БАС ҚОСТЫ


3 декабря 2021, 09:07 | 1 423 просмотра



Түркия астанасы Анкарада денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері кәсіподағының III-ші кезекті Конгресі қараша айының 19-20 аралығында жұмысын жүргізді.

Түркия ŐZ SAĞLIK IS кәсіподағының (бұдан әрі ŐZ SAĞLIK IS) президенті Девлет Серттің шакыруымен Нұр-Сұлтандағы Орталық Кеңестің мүшелері Асан Шалтабаев және Жанна Сайым «AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы (бұдан әрі«AQNİET») төрағасы Бақытжан Тәжібайдың тапсырмасымен айтылған шараға белсенді түрде қатысты.

Конгресте 14 елдің өкілдері ŐZ SAĞLIK IS президенті Д. Сертпен екіаралық Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

Басты мақсаты тәуелсіз кәсіподақ қозғалысы, кәсіподақ құқықтар мен бостандығы, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұзақ мерзімді, өз ара тиімді қатынастар орнату.

Конгресс конструктивті атмосферада өтті, келешектегі міндеттерді айқындайтынына, соңдай-ақ ортақ мақсат - жұмыскерлердің, оның ішінде бауырлас елдердің кәсіподақтары арасында еңбек құқықтарын, мүдделерін қорғау мақсатында достық және халықаралық байланыстарды нығайтатынына кәміл сенімдіміз.

ÖZ SAĞLIK İS-тің біздің AQNİET-ті шақыруының өзі, біздің кәсіподақтың шыңайы, әділетті, мақсаты айқын ұйым екендігінің тағы бір дәлелі. Болашақта да осындай халықаралық кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыс жасай отырып, өз жұмысымызды одан әрі жаңдандырамыз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ағымды жылдың 12 қарашасында Стамбул қаласында Түркі тілдес мемлекеттердің ыңтымақтастық Кеңесінің VIII Саммитіне қатысып көпжоспарлы өз ара ықпалдастықты нығайту перспективаларын қарастырғаның есепке алсақ діні бір, бағыты бір бауырлас түрік еліндегі іс-шаралар толығымен айтқанда еліміздің , қарапайым қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартатын тәжірибе молая түспек.

#AQNİETКДСҚК #ÖZSAĞLIK

Автор:
«AQNİET» Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Талдықорған филиалының Атқару комитеті