Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әкімшілік құқықбұзушылықтарды есепке алу және айыппұлдарды өңдеу және төлеу процесі


29 ноября 2021, 04:55 | 1 105 просмотров



Талдықорған гарнизонында «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан алдын алу-шараларының нәтижиесінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың төмендеуіне едәуір септігін тигізді.
2021 жылы Талдықорған, Үштөбе және Үшарал гарнизондарының әскери бөлімдер командирлері мен мекеме басшылары әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жандандыруға бағытталды.
Әкімшілік заңнамасының сақталу сұрағы қылмыстық қудалау және әскери басқару органдарының ведомствоаралық жиналыстарында бірінші басшыларының есебін тыңдау арқылы қаралады.
Олардың нәтижесінде әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға және әскери қызметшілердің құқықтық сана сезімін көтеруге бағытталған нақты шаралар қолдану туралы шешімдер қабылданды.
Әскери басқару және полиция органдары бірігіп әскери қызметшілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын анықтау мақсатында ай сайын тиісті базаны қолдану арқылы салыстыру жүргізеді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде барлық әскери бөлімдер және мекемелермен төрт жақты салыстыру актілері жасалады (әскери прокурор, әскери Басқарманың өкілі, әскери полиция органының бастығы, әскери бөлім командирі).
2021 жылдың өткен мерзімінде жүргізілген салыстыру (2020 жылғы 10 айымен салыстырғанда) әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 6,3 % өсті (778-ден 831-ге дейін).
Өз кезегінде, жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтардың басым бөлігі жол ережесін бұзған үшін болғаны анықталды (831 әкімшілік құқық бұзушылықтардың 739 жол ережесін бұзу фактілері). Әскери қызметтегі әкімшілік құқықбұзушылықтар 3-тен 7-ге дейін өсті.
Әкімшілік құқық бұзышылықтардың елеулі бөлігі қасақана жасалған болып табылатынын жүргізілген талдау көрсетті (жол қозғалысы ережелерін бұзу және т.б.), бұл әскери қызметішілермен заң талаптарын елемеуді білдіреді.
Осыған орай, әскери қызметшілер арасында әкімшілік құқық бұзушылыққа қасақана жол бергені үшін (2 және одан да көп рет)әскери қызметтен теріс себептер негізі шығарылатыны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабына сай әскери қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы әскери қызметтен теріс себептер бойынша шығаруға негіз болады.
Одан бөлек, қадағалаудағы әкімшілік тәжірибе субъектілерімен 3 923 325 теңгеге жауапкершілікке 627 тұлағалар тартылып, айыппұл соммасы толық өндірілді.
«Әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алу» әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша айыппұлдарды өңдеу және төлеу процесі автоматтандырылды.
Бұл әкімшілік айыппұлдарды жергілікті жерде төлеуге (баптың санкциясында көрсетілген айыппұлдың 50% мөлшерінде төлеу құқығын қолдана отырып), сондай-ақ ірі банктердің кассалары арқылы төлеу тәртібін едәуір жеңілдетті.
Одан бөлек, онлайн режимінде банктердің www.kaspi.kz, www.post.kzжәнеwww.homebank.kz интернет-ресурстарында айыппұлды төлеуді, сонымен қатар олардың төлем терминалдары немесе мобильді қосымшалар арқылы төлеу мүмкіндігі бар.
Азаматтардың қолайлығы үшін qamqor.gov.kz. жәнеwww.egov.kzмемлекеттік ресурстарда жұмыс істейді.
Айыппұлды төлегеннен кейін бұл ақпарат жүйеде 15-20 минут ішінде көрсетіледі.Бұл азаматтарды мемлекеттік органға барудан және төлемді түбіртек арқылы растау қажеттілігінен босатады.

 

Г.М. ДӘУРЕНБЕКОВАҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Әскери басқарманың Талдықорған және Сарыөзек гарнизоны бойыншааға прокуроры

Автор:
Г.М. ДӘУРЕНБЕКОВАҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика жәнеарнайы есепке алу жөніндегі Комитеті Әскери басқарманың Талдықорға