Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Автокөліктердің қысқа дайындықтары тексерілді


29 ноября 2021, 04:53 | 1 098 просмотров



Талдықорған гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің жеке құрамымен жол көлік оқиғаларын алдын алу және жол жүру ережелерін бұзбау мақсатында «Автомобильді қысқа дайындау – апатсыз пайдалану кепілі» айлық өткізілуде.

Осы орайда, Талдықорған гарнизоны Әскери полиция бөлімінің өкілдері гарнизондағы барлық әскери бөлімдердің жеке құрамына қысқы, күрделі метеорологиялық жағдайлардағы қауіпсіздік пен көлік құралдарын басқарудың ерекшеліктері тақырыбында сабақ өткізді. Іс-шарада көлік жүргізуші куәлігі бар әскери қызметшілердің және жеке көлік құралдары бар әскери қызметшілердің тізімдері салыстырылды.
Шара барысында жеке көлік құралдарының қысқы кезеңге дайындықтары тексеріліп анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды.
– Біздің әскери сала мамандары жағдайды барынша түзетіп, мамандықтарына жауапкершілікпен қарайды. Жол қауіпсіздігін алдын алу үшін осындай шараларды өткізу маңызды, – деді Әскери полиция бөлімінің көлік құралдарын тіркеу және техникалық қадағалау офицері аға лейтенант Азамат Баймұхамбетов.

 

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі