Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Жас сарбаздарға ерлікті ұлықтады


29 ноября 2021, 04:51 | 1 096 просмотров



Алматы облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының Волоколомск тас жолын үш күн бойы табандылықпен қорғағанына 80 жыл толуына орай әскери-тарихи, мәдени-патриоттық іс-шара өткізілді.Осы ретте Талдықорған қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының және казақ-түрік білім иновациялық лицей интернатының «Жас сарбаз» әскери-патриоттық тәрбиеленушілері Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының батырлық ерліктерін театрлық көрініс, слайд, патриоттық әндер мен өлең арқылы жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш шарада осы дивизия құрамында қаза тапқан жандарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды.Маңызды мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты тиісті іс-шараларды іске асыру, ел Президентінің жолдауында да назарға алынды. Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақты нағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашады. Іс-шараға Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері, сонымен бірге облыстағы Қарулы Күштердің ардагерлері Рақым Қырғабақов, Сейітжан Мендекеев, және Алматы облысы әуе-десанттық әскері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов қатысты. – Отаншылдық, білімге құштарлық пен еңбекқорлық, бірлік пен жауапкершілік сияқты қасиеттер дәріптелуі керек. Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру. Сондықтан, тынымсыз ізденіп, ұдайы алға ұмтылу бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында айтқан басты бағыттардың бірі, – деді Алматы облысы Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы Рақым Қырғабақов.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі