Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

ӨҢІРДЕН КЕЛГЕН ПАЦИЕНТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ - ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?


26 ноября 2021, 09:41 | 1 145 просмотров



Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған барлық азаматқа бейінді маманның жоспарлы кеңесі мен тиісті көрсеткіштер болған жағдайда республикалық медициналық орталықтардағы диагностикалық тексерулер қол жетімді.
Жолдаманы пациент тіркелген медициналық ұйымның жанынан құрылған арнайы аймақтық комиссия береді. Жолдаманы беру немесе көрсеткіштер болмаған жағдайда, бермеу туралы шешім жұмыстың бірнеше
күн ішінде қабылданады.
ЖОЛДАМА ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА БЕРІЛЕДІ?
күрделі немесе түсініксіз жағдайларды, оның ішінде сирек кездесетін орфандық ауруларды верификациялау үшін диагностикалау қажет болған кезде;
ем жүргізу тактикасы мен емдеу әдістерін айқындау үшін, сондай-ақ еңбекке жарамсыздықты сараптамалық бағалау үшін;
қажет болған жағдайда шетелге емделуге жіберу үшін көрсетілімдердің болуын анықтау;
аурудың ауыр ағымында немесе жиі қайталану және декомпенсация жағдайларында емдеу тактикасын анықтау үшін;
бастапқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде жүргізілетін емдеу іс-шаралары тиімсіз болған жағдайда диагностикалау және емдеу қажет болған кезде.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы