Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

АИТВ тақырыбы бойынша блиц-сауалнама жүргізілді


23 ноября 2021, 08:15 | 372 просмотра



Алматы облыстық ЖИТС орталығы Талдықорған филиалында 15-25 қарашада өтіп жатқан «Әрбірін түсіну. Теңсіздікті жою» онкүндігі аясында пробациялық бақылаудағы тұлғалар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.
Сондай-ақ, Талдықорған филиалының меңгерушісі А.Карипханова, эпидемиолог А.Батырбекова Алматы облысы бойынша ҚАЖД Пробация қызметі басқармасының қызметкерлерімен АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар өткізді.
Дәрігерлер «АИТВ/ЖИТС: біз бұл туралы не білеміз? Стигма және кемсіту» тақырыбында блиц-сауалнама жүргізді. Қатысушыларға АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өту ұсынылды.

 

Автор:
Алматы облыстық ЖИТС орталығы Талдықорған филиалы