Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Оқушылардың Дүниежүзілік күнге сайсты


23 ноября 2021, 08:13 | 365 просмотров



Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай «АИТВ: әрбірін түсіну» тақырыбында Қапшағай қаласындағы Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектептің мәжіліс залында қалалық бес мектептің оқушылары өзара сайысқа түсті.
АИТВ-жұқпасы туралы ақпараттық блок әзірлеу, плакаттар конкурсы, флешмоб көрсетуден алдына жан салмаған командаларға Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ләззат Абдукаримова, Арайлым Кенжебекова, Қапшағай қалалық ауруханасы Жастар денсаулық орталығының жетекшісі Назгүл Жанұзақова әділ-қазылық етті.
1-орын №4 мектепке, 2-орын ОМГ, 3-орын А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп командасына бұйырды.
Қызықты флешмоб үшін №1 мектеп, плакат үшін №3 мектеп, қатысқаны үшін №3 мектеп оқушылары марапатталды.

Автор:
Гулжанат Шонабай