Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

2021 жылғы Дүниежүзілік диабетпен күрес күні инсулиннің ашылғанына 100 жыл толуы аталып өтіледі


19 ноября 2021, 04:29 | 563 просмотра



  • Әлем бойынша 20-дан 79 жасқа дейінгі 537 миллионнан астам адам қант диабетімен өмір сүріп жатыр[1];
  • 2021 жылы диабет 6,7 миллион адамның өліміне себеп болды[2].

Жыл сайын 14 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік диабетпен күрес күні өтеді. Бұл күнді 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы (IDF) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемдік қауымдастықтың халық денсаулығына диабеттің төндіретін қатері артып бара жатқанына деген алаңдаушылығына сай белгілеген болатын, және ол инсулинді ашқан ғалым Фредерик Бантингтің туған күнінде аталып өтіледі[3].

Бүгінде әлемнің әрбір оныншы ересек тұрғыны қант диабетімен ауырады, бұл 20-дан 79 жасқа дейінгі адамдардың 537 миллионнан астамын құрайды. Салыстыру үшін, 2019 жылы бұл сан 463 миллионды құраған болатын. 2021 жылы диабет 6,7 миллион адамның өліміне себеп болды[4]. Халықаралық диабет федерациясының есебі бойынша, Қазақстанда 735 200 ересек адам қант диабетімен өмір сүріп жатыр[5].

Диабеттің дүние жүзі бойынша таралуының артуы бұл аурудың медициналық қана емес, әлеуметтік тұрғыдан да ауыр жаһандық проблема болып табылатынын растайды, ол адамдардың, отбасылардың және жалпы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатына әсерін тигізеді.

Жыл сайын IDF Дүниежүзілік диабетпен күрес күнінің негізгі тақырыбын белгілейді. 2021 жылы бұл күн терапевтік инсулиннің ашылғанына 100 жыл толуына орайластырылды, бұл медицина тарихындағы елеулі ілгерілеу болды. Қант диабетін емдеуде инсулиннің ашылу сәтінен бастап инсулиннің барынша жетілдірілген препараттары мен оларды енгізу жүйелерінің пайда болуының арқасында,  керемет прогреске қол жеткізілді.

Бүгінде пациенттерде адам инсулинінің аналогтарын жетілдірілген, бір рет қолданылатын шприц-қалам арқылы қабылдау мүмкіндігі бар, ал инъекциялар адамның бір тал шашынан да жіңішке инелермен салынатындықтан, ешқандай ауырсыну тудырмайды, бұл  инсулиндік терапия процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Диабетке шалдыққан пациенттерді инсулинмен қамтамасыз ету, медициналық практикаға барынша жетілдірілген және халық үшін қолжетімді, ауруды емдеуде жаңа мүмкіндіктерді ашатын инсулин препараттарын енгізу көптеген ауыр асқынулардың алдын алуға себеп болады.

Алайда, ашылғанына тұтас ғасыр өтсе де, инсулин және қант диабеті терапиясының басқа да маңызды компоненттері оларға мұқтаж көптеген  адамдар үшін тапшы болып отыр, ал пациенттердің өз тарапынан аурудың ағымын қатаң бақылауы есебінен терапияның сапасын жақсартуға арналған білім бағдарламаларына[6] әрбір екінші пациент кіре алмайды.

«1921 жылы инсулиннің ашылуы қант диабеті бар миллиондаған адамдарға өмір сүру мүмкіндігін ғана емес, осы аурумен толыққанды өмір сүруге болатынына деген үмітті де сыйлады. Дұрыс өмір салтын ұстанған және емдеуге беріле кіріскен жағдайда, диабет пациенттердің спортпен айналысу, карьера шыңдарын бағындыру және отбасын құру қабілеттерін шектемейді. Және де біз инновациялық емделуге жол ашып бере отырып, осындай мүмкіндіктердің тууына және пациенттердің өмірінің жақсаруына үлес қоса алатынымыз үшін қуаныштымыз.

Санофи командасы IDF-тің пациенттерге заманауи терапияны қолжетімді қылу тақырыбын өзектендіру жөніндегі бастамасын қолдайды. Біз компаниямыздың 100-ге жуық жыл бойы қант диабетін емдеуге арналған тиімді препараттарды әзірлеп, нарыққа шығарып келе жатқанын, зерттеулерді жүргізіп, дәрігерлер мен пациенттерге арналған білім бағдарламаларын іске асырып келе жатқанын мақтан тұтамыз», - деп атап өтті Eуразия, Санофи Foundation бизнес-бөлімшесінің басшысы Виталий Быстрюков.

[1] International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 10th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2021. http://www.diabetesatlas.org

[2]  International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 10th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2021. http://www.diabetesatlas.org

[3] International Diabetes Federation [Электрондық ресурс], URL: https://worlddiabetesday.org/about/  (жүгіну күні 08.11.2021)

[4]  International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 10th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2021. http://www.diabetesatlas.org

[5] International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 9th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2019. http://www.diabetesatlas.org

[6] International Diabetes Federation. IDF Diabetes Atlas, 10th edn. Brussels, Belgium: International Diabetes Federation, 2021. http://www.diabetesatlas.org

Автор:
Санофи Қазақстан