Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Әскери бөлімде ашық есік күні өтті


18 ноября 2021, 02:22 | 613 просмотров



Талдықорған гарнизонындағы әскери бөлімде ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ашық есікке әскери қызметшілердің балалары, Агротехникалых колледжінің жас сарбаздары, сонымен қатар құрметті қонақ ретінде ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Шара барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.
Келушілердің назарына түрлі әскери қару-жарақ пен ұрыс техникаларының түрлері ұсынылды. Балалар ардагерлермен бірге жүріп әскери қару-жарақтарды тамашалады.
Ұйымдастырылған шарада балалар әскери өмірді көріп, әскери барлаушылардың киім үлгілерімен, әскери техника және қару-жарақ түрлерімен танысты.
– Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – ол жастардың өз елі мен Отанын сүюге баулитын, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рухты қалыптастыру болып табылады, – деді Алматы облысы әуе-десанттық әскері қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Еркін Ерғожанов.
Шара соңында балалар сарбаз ботқасынан ауыз тиіп іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Автор:
Талдықорған гарнизонының баспасөз қызметі