Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

СКРИНИНГТІК ЗЕРТТЕУЛЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕСІЗ?


7 ноября 2021, 05:49 | 1 502 просмотра



Көптеген адамдарда әлі күнге дейін скрининг деген не және ол не үшін қажет деген сұрақ туындайды.

Түсіндіреміз. Скрининг- белгілі бір жастағы сау адамның бойындағы тәуекел факторлары мен ауруларды ерте сатыларда анықтау үшін оларды профилактикалық медициналық тексеру. Яғни, Сіз скринингтің түріне байланысты арнайы әдістерді қолдана отырып, бір рет тексерудің нәтижесінде онкологиялық немесе басқа аурудың алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндігіңіз бар деп  - КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының директордын орынбасары Курманалиева Карлыгаш Асанқызы атап өтті.

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (ТМККК бойынша)сақтандырылмаған азаматтар үшін қандай скринингтік тексерулер қолжетімді болып табылады?

30-39 жас аралығындағы әйелдер мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтау мақсатында скринингтен өтеді. Темекі шегу, дұрыс тамақтанбау, дене белсенділігінің төмен болуына немесе алкогольді шамадан тыс тұтынуға байланысты пациентке салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану жөнінде ұсынымдар беріледі.

40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін және глаукоманы ерте анықтау үшін скринингтен өтеді. Қан қысымының, холестериннің, қан глюкозасының деңгейі және дене салмағының индексі анықталады.

Бұл ретте кардиолог, эндокринолог және офтальмологтың консультациялары МӘМС пакетінде ғана, яғни тек сақтандырылғандар азаматтар үшін қолжетімді.

МӘМС пакетінде сақтандырылған азаматтарға қандай скринингтік тексерулер қолжетімді?

30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер жатыр мойны обырын ерте анықтауға тексеруден өтеді, оның ішінде ПАП-тест және тереңдетілген диагностика - (бейне) кольпоскопия, биопсия және гистологиялық зерттеу, бейінді мамандардың консультациясын алады.

40 – тан 70 жасқа дейінгі әйелдер сүт безі обырын ерте анықтауға-екі проекцияда маммографияға тексеруден өтеді. Қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика - нысаналы маммография, сүт бездерінің УДЗ, трепанобиопсия, пункциялық немесе аспирациялық биопсия, гистология, бейінді мамандардың консультациясы жүргізіледі.

50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер гемокульт-тесттің көмегімен колоректалдық обырды ерте анықтауға тексеруден өтеді немесе қажет болған жағдайда тереңдетілген диагностика - жаппай бейне колоноскопия, оның ішінде наркоз, эндоскопиялық шертпелі биопсия, гистологиялық зерттеу арқылы мамандардың консультациясын алады.

Автор:
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы