Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Алматы облысында тұмауға қарсы иммундау жұмыстары жалғасын табуда


3 ноября 2021, 06:04 | 1 314 просмотров



Тұмауға қарсы иммундау Денсаулық сақтау саласындағы маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады және әр жылдың қыркүйек айынан басталады.
Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес тұмауға қарсы тегін вакцинациялау медицина қызметкерлеріне, жиі ауыратын балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балаларына, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметтерін алушыларға, екінші немесе үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге, жүрек-тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдарға және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Бүгінгі таңда Алматы облысында халық арасында тұмауға қарсы вакцинация аяқталуда. Ағымдағы жылдың 3 қарашасында иммундаумен 270 372 адам қамтылды, бұл тиісті контингенттің 88% - ын және барлық халықтың 13% - ын құрайды.
Иммундау үшін "Гриппол+" атты ресейлік вакцина қолданылды. Вакцинаның 309 463 дозасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы 305 073 258 теңгеге сатып алынды. Бұл вакцина облыста соңғы 5 жыл бойы қолданылып келеді.
ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, тұмауға қарсы вакцинамен, ең алдымен, жұқтыру қаупі бар және ауыр асқынулардың даму қаупі бар адамдар вакцинациялануы керек.
Осыған байланысты, 21 346 медицина қызметкері, 7256 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар 74 505 адам, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде (балалар үйлері, мектеп интернаттары, балалар мен мүгедектерге арналған интернаттар) 2722 бала және Қарттар мен мүгедектерге арналған мекемелерде тұратын 1523 адам егілді.
Вакцинация аурудың пайда болу қаупін төмендететінін және тұмаудың ауыр асқынуларының алдын-алудың ең тиімді шарасы екенін есте ұстаған жөн.

Автор:
ЖД ақпарат