Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Конкурс өткізу туралы хабарландыру


1 ноября 2021, 08:56 | 1 535 просмотров




Конкурсты ұйымдастырушы: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Пошталық мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Электрондық поштасы: kense@almreg.kz;
байланыс телефоны 8 (7282) 329558;

Конкурстың нысанасы: "Бизнестің жол қартасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жаскәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.
Байқаутүрі: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: Қазақстан Республикасы, 040000, Алматы облысы, Талдықорғанқаласы, Қабанбай Батыр көшесі, 26;

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер көрсетілген мекен жай бойынша жеке өзі, пошта арқылы, электрондық нысанда "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық пакетін ұсынады.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 ж. "01" қарашадан бастап 2021 ж. "10" қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің басталу күні мен уақыты: 2021 ж. "01" қараша сағат 10.00-ден бастап (жергілікті уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні мен уақыты: 2021 ж. "10" қараша сағат 13.00-ге дейін (жергілікті уақыт).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Автор:
ЖД ақпарат