Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

Дүниежүзілік инсультпен күрес күні


1 ноября 2021, 08:15 | 1 427 просмотров



Қазан айының 29 - шы жұлдызында  Дүниежүзілік инсультпен күрес күні атап өтіледі. Біз бұл туралы бірнеше рет жаздық, бірақ біз сіздің біліміңізді одан әрі нығайтқымыз келеді, өйткені осы арқылы біреудің  өмірін сақтап қалуымыз мүмкін.

Инсульттің маңызды рөлі амбулаториялық деңгейде және жедел жәрдем сатысында дәрігерлерге тиесілі деп айтамыз. Себебі уақыт фактор шешуші мәнге ие болады.

Тұжырымдама «уақыт – ми» деп аталады, онда жоғалған уақыт мидың жоғалуын  білдіреді.

Ми инсульті кезінде көрсетілетін көмек шұғыл болуы тиіс, яғни «терапиялық терезе» шеңберінде - инсульттің алғашқы симптомдары пайда болған сәттен бастап, мидағы қайтымсыз өзгерістердің пайда болуына дейін 3 – тен 4,5 сағатқа дейінгі аралықта. Сондықтан аурудың алғашқы сағаттарында ғана белсенді терапевтік шаралар перспективалы болып табылады.

Бірақ егер адам «осы жерде  және қазір»  аталған ауруға шалдыққан болса және жақын жерде дәрігер болмаса не істеу керек?

✅ Бірінші.  Сіз инсульттің  белгілерін басқа жағдайлардан ажырата білуіңіз керек.

Назар аударыңыз, инсультке дейінгі кезеңде пациентте  ауыр жағдайда және кенеттен

📍дамыған бас ауруы

📍 жүйесіз сипаттағы бас айналу

📍жүрек айну

📍құсу

📍басындағы шу

📍көру қабілетінің түсініксіз  бұзылуы

📍 ұйқышылдық немесе дененің кез-келген бөлігінде, әсіресе дененің жартысында сезімталдықтың жоғалуы

📍 өткір айқын бас айналу

📍 тұрақсыздық және дірілдеу

📍қозғалыстардың үйлестірілуінің бұзылуы

📍 жұтынудың бұзылуы

📍 дауыстың өзгеруі

📍 құрысулар немесе басқа да санадағы бұзылушылық болды ма?

✅ Екінші. Егер осы белгілердің барлығы болса, сіз дереу жедел жәрдем шақырып, өзіңізге  мәлім барлық шараларды қабылдауыңыз керек. Іс-шаралар кешенін сіз біздің кестеден таба аласыз.

Автор:
ЖД ақпарат