Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

БАС ДӘРІГЕР – СҰЛУ ДӘРІГЕР


11 февраля 2011, 07:58 | 3 222 просмотра



Өмірде орынын тапқан азамат мамандығын дұрыс таңдаған адам деген сөзбен барша халық келісетін шығар. Мамандығын шын жүрекпен сүйіп, жан тәнімен беріліп істейтін азаматтар шынайы бақытты . Сол жаны сүйген іспен айналысу бақыты бәріне бұйыра бермейді. Ал біздің әр кейіпкеріміз өз ісін, еңбегін шынайы сүйетін адамдар. Өзіміздің осы жеке тұжырымдамамызды тағы да бір кейіпкеріміз дәлелдеді.

Садықова Сұлу Ғатауоллақызы 1961 жылы дүниеге келді. 1985 жылы мединститут бітіріп, сол уақыттан бері медицина саласында жұмыс істеп келеді. Жай дәрігерден бастап, кейін соңғы он жыл бойы денсаулық сақтау саласында ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып келеді. Алматы қалалық «Медбикелер күтүмі ауруханасында» бас дәрігер болып жұмыс істегеніне 5 жыл болды. Денсаулық саласында ұйымдастыру жұмысынан бірінші категориялы маман. ЈӨз ісіне өте тыңғылықты қарайтын адам. Басшы болғандықтан кейде қатал да болады. Бұның себебін кейіпкеріміз өзі жауапкершіліктің үлкен болғанымен түсіндіреді.

Әрине, дәрігер адам өз ісіне жауап береді. Ал бір ауруханың басшысы қол астындағы мамандардың ісіне де, науқастардың денсаулығына да жауап береді. Медбикелер күтімі ауруханасының жұмысымен танысқанда, осы мекеменің бас дәрігері ретінде қойылған сұрақтарға нақты, артық сөзсіз жауап берді. Сұлу Ғатауоллақызы өзін нақтылықты, адалдықты, еңбекқорлықты ұнататын және өзін жөнсіз мақтауды жаны сүймейтін қарапайым адам екенін түсіндік. Әйел заты болғандықтан атына заты сай ерекше сұлулығы, мейірімділігі де, өзіне тән нәзіктігі де көзге түсті. Бойжеткен екі қыздың анасы, бүгінгі бас дәрігер - Сұлу Ғатауоллақызымен болған әңгімеміз ерекше өрбіді.

Медицина саласына қалай келдіңіз?

Жас кезімізде дәрігер болғымыз келді. Содан болдық. Отбасымызда дәрігер болмады. Таныстар, көршілер дәрігер болатын, соларға қарап, осы мамандыққа қызықтым.

Отбасыңыз туралы сөз етсеңіз.

Екі қызым бар. Үлкен қызым институтта оқиды. Кіші қызым мектепте оқиды.

Қыздарыңыз дәрігер болғысы келмеді ме?

Жоқ, олар шығырмашылық адамдары. Екеуі де өнер жолын қалады. Суретші. Өз жолдарын өздері таңдады десе де болады. Өзіне ұнайтын істі тапқаннан кейін әрине балаларды қолдайсың. Егер дәрігер боламын десе де қолдайтын едім.

Дәрігердің еңбегін өмірде немен салыс-

тыруға болады?

Немен салыстыруға болатынын білмеймін. Бірақ дәрігерге артылатын жауапкершілік өте үлкен. Адамда ең қымбат денсаулық қой. Сол денсаулықты адам дәрігерге тапсырып келеді. Ауыр халдегі науқасты аман алып қалғанда, адамдар айтып жатады «бірінші Құдайға шүкір, екінші аман алып қалған дәрігерге рахмет » деп. Енді осындай жағдайларда Құдайдан кейін, екінші дәрігердің аты айтылып отырғанан ақ осы мамандық иелеріне қандай ауыр жүк артылатынын түсіну қиын емес. Менің ойымша, барлық мамандықтардың ішінен дәрігер еңбегі аса үлкен жауапкершілікті қажет ететін мамандық.

Өз жұмысыңызда қандай бағытты ұстанасыз?

Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Ал бас дәрігер болу одан үлкен жауапкершіліті қажет етеді. Себебі, сен барлық медперсоналдың ісіне жауап бересің, сонымен барлық науқастың денсаулығына да жауап бересің. Ал өз ісімді жақсы жасауға тырысамын. Кезінде менің алғашқы тәжірибелік ұстазым айтқан еді «Есіңде болсын жұмыста ең оңай жұмысты жақсы жасау». Уақыт өткен сайын, өмір өткен сайын осы айтылған сөздің дұрыстығына көзім жетіп келеді. Жұмыстағы негізгі қағидам да осы. Жұмысты жақсы істеу. Одан басқаша жасауға болмайды.

Сіз дәрігер болғаныңызға өкінбейсіз бе?

Жоқ.

Соңғы кезде қазақстандықтар шетелге барып емделетін болды. Бұл Отандық мамандарға деген сенімсіздік пе?

Бізде Қазақстанда сенетін, сенуге болатын мамандар көп қой. Бұл «моданың» бір түрі. Халықтың көбі қытайға кетеді емделуге. Біреу барып келеді шетелге емделіп, екіншісі де шетелде емделгісі келеді. Содан кейін барлығы ұмтылады. Егер шетелден дұрыс ем алып келмесе оны ешкім айтпайды. Айталмайды да. Себебі, шетел қалды. Ал науқас қазақстан-

ға қайтып келді. Егер сондай жағдай елімізде болса, бұл туралы барлығы білетін болады. Шу көтеріп жібереді. Емдеген ауруханасы туралы жаман сөз кете бастайды. Мен өзім білем қытайға барып емделіп, халі қатты нашарлап, тіпті өліп кеткен жағдайларды. Ал бұл туралы кім біледі? Ешкім білмейді. Ешкім айтқан да жоқ.

Біздің елдің медицина саласындағы білімнің деңгейіне қандай баға беретін едіңіз.

Бұрын кеңес кезінде бәрі біледі ғой. Біздің медицина саласындағы білім қандай күшті болғанын. Өзім оқуға екі мәрте келіп, екінші рет қана әрең түстім. Оқығанда да қыдыру, демалу деген мүлдем болмады. Жан салып оқыдық. Кітаптан бас алмайтынбыз. Мединс-

титутқа түсу өте қиын болатын. Қазір мединс-

титутта қалай оқытатынын білмеймін. Өзім сабақ бермеймін. Бірақ мені бір қынжылтатыны медициналық жоғарғы оқу орнына түсетіндер үшін баллдар өте төмен. «Проходной балл» өте төмен. Мединститутқа 45 баллмен түскендер болды. 45 балл алған бала үшке оқиды деген сөз емес пе? Үшке оқыған бала мединститутта жақсы оқып кетеді дегенге сене алмаймын. Ал бұрынғы кезде мединститутқа түсу үшін өте үлкен конкурс болатын. Сол кезде шын мәнінде нағыз білімді адамдар ғана түсе алатын. Әрине? Сол заманда да таныс арқылы, ақша рақылы өтіп кететіндер болды. Бірақ көпшілігі өз білімімен түскендер еді. Өз басым медициналық жоғарғы оқу орнына грант-

қа түсетіндер үшін баллдың төмен болуына қарсымын.

Сонда бүгінгі жас дәрігерлердің деңгейі қандай ?

Әр түрлі. Барлығы бірдей жаман немесе жақсы деп айта алмайсың. Әрине, бұрыңғы кезбен салыстырғанда төмендеу. Енді өмір өзгерді, менталитет те өзгерді. Өмірдегі мақсаттар басқаша. Жақсы оқыған, білетін адам жақсы жерде жұмыс істегісі келеді. Жақсы табыс тапқысы келеді. Медиктердің жалақсы төмен, ақылды білетін адам барғысы келмейді медицина саласына. Шын мәнінде осы мамандықты қалап, жұмыстың, жағдайдың ауырлығына қарамастан дәрігерлікке ұмтылғандар да бар. Бірақ көп емес. Ондай жастардан кейін міндетті түрде өте жақсы маман шығады. Жақсы маман атану үшін барлық қиындықтарға төзу керек. Ол оқу орынын бітере салып бірден жақсы табыс тауып, мықты маман болып кетпейді. Ол алдмен әбден тер төгеді. Еңбке етеді, стаж жинайды, тәжірибе жинайды. Өзінің атын жасайды. Содан кем дегенде он жылдан кейін барып ол нағыз маман болады. Табысты да содан кейін бірақ көреді.

Әйел адамға дәрігер болу қиын ба?

Әрине, қиын. Әйел адамға ер адамға қарағанда кез-келген салада жұмыс істеген қиын. Себебі, әйел затының екінші жұмысы отбасының жұмысы оңай жұмыс емес.

Соңғы жылдары медицина саласында көптеген реформалар болды. Осыған қалай қарайсыз?

Реформалардың болғаны дұрыс. Ештеңе істемей, бұрыңғыдай қалдыруға болмайды. Айналада бәрі өзгеріп жатыр. Заман, қоғам барлығы да өзгеріп жатыр. Кеңес өкіметі кезін-

дегі медицинаны мақтағынымызбен сол замандағы жағдаймен қалмаймыз ғой. Нарықтық экономикаға көштік, нарықтық заманның заңымен өмір сүруге тура келеді. Реформа да сол үшін жасалады. Қоғамның өміріне лайықталып жасайды реформаны. Әрине, қате-ліктер де, кемшіліктер де бар шығар реформаларда. Бірақ бәрін бірден қамтып, бірден жақсартып жіберу мүмкін емес қой. Ал менің өзім ойым реформалар әрдайым керек. Алдыға жылжу үшін, даму үшін өзгеріс әрдайым қажет. Кемшіліктер жоқ емес бар, тіпті көп. Өзгерісті қажет ететін мәселелер де көп. Кадрлік патенциалда төменгі деңгейде, жалақы мәселеі шешілмейтін мәселе болды. Бірақ, елу пайыз жақсы маман болса, елу пайыз нашар дәрігер болса. Біліктілігі төмендерді бірден жақсы қылып шығара алмайсың ғой, ал егер оларды жұмыстан алып тастасаң. Қалған елу пайыз жақсы мамандар да жаман болып кетеді. Себебі, оларға ауырлық түседі, үлгермейтін болады. Сондықтан осындай проблемалар әрдайым шығып тұрады. Ал көпшілігіміз реформадан көреміз. Керек емес реформалар да болуы мүмкін. Реформаның негізгі мақсаты тек жақсарту. Алайде біреуінен жақсы нәтиже шығады, кейде шықпайды. Барлығы тек уақыт еншісінде.

Қорыта келгенде, қазақ медицинасының негізгі кемшіліктері мен ерекшеліктері қандай?

Кемшіліктерін айтып жаңалық ашпаймыз ғой. Сол баяғы қаржының аз бөлінуі, жалақының аздығы, кадр жетіспейді, мамандардың біліктілің төменгі деңгейі, технологияның артта қалуы. Осы сияқты кемшіліктер. Ал ерекшеліктері, жақсы жақтарына келетін болсақ. Ол, әрине, қазақы менталитет. Қазақтың психологиясы, менталитеті, түсінігі, діні ерекшелік болып табылады. Мысалы, біздің мекеменің өзінде негізінде персонал мұсылман қыздар. Олардың шыдамдылығы, мейірімділігі, өзгеше. Қарт адамдарға күтім жасау бәрінің қолынан келе бермейді. Үлкен адамды сыйлау, оған қамқор болу. Жалпы қазақтың өзі, қазақ жеріндегі халықтың өзі шыдамдылық, сабырлылық, мейірімділікке жақын. Жалақы төмен болса да, қиын болса да біздің өзіміздің мекемеде науқастарды аяу керек, шын жүректен қам-қор болу керек. Бір сөзбен айтқанда жанашыр және мейірімді болу керек қой. Ал біздің халық өзі ежелден мейірімді, жанашыр халық қой. Сол себептен дәл қазақ медицинасының басты ерекшелігі осы шығар деп ойлаймын. Қазақтың табиғатының өзінде мейірімділік бар. Қазақ дәрігерлерінің ерекшелігі де сол мейірімділігі мен қамқорлығында. Шын мәнінде осы қасиеттер ұлтқа, ұлысқа қарамай әр дәрігердің бойында болуы қажет қой.

Автор:
Мадина ОМАРҚҰЛОВА, өз тілшіміз. Алматы қаласы.