Республикалық қоғамдық-медициналық апталық газеті

"ЖЕТІСУ - АДАЛДЫҚ АЛАҢЫНЫҢ" ТОҒЫЗ АЙДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ


27 октября 2021, 02:37 | 1 584 просмотра



ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде», - деп айқындап өткен болатын. Алматы облысы көлемінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою саясатын қалыптастырып, халыққа қолайлы жағдай жасау мен мемлекеттік мекемелердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі жұмыс атқаратындығы бәрімізге мәлім. Осыған орай, «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ағымдағы жылдың 9 айында қандай жұмыс атқарды, қандай нәтижеге қол жеткізді, сол туралы қорытынды есепті назарларыңызға ұсынамын.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «ISO 37001 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ» Алматы облысы бойынша «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсе менеджерлері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тың идеяларды игеріп, Халықаралық жемқорлықпен күрес саясатымен танысып, Республика көлемінде бірінші болып біліктілігін арттыруда, қазіргі таңда сертификаттаудың екінші кезеңін жүзеге асыруда. Сонымен қатар, жобалық кеңсе менеджерлері ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің семинарынан өтіп, сертификатталған қызметкерлер қатарында өз қызметін жалғастыруда.
Мониторинг, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда елеулі орын алатын жүйелі жұмыстарының бірі екендігі айқын, осыған орай, 2021 жыл басынан бері 92 мониторинг келесі салалар бойынша жүзеге асырылуда: дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағаларының шектік бағасына, дәріхана қоймаларына, QR код-тарға, «Сервистік әкімдіктерге» және ХҚКО мемлекеттік қызмет көрсетуге, көліктік бақылау инспекция саласына, жатақханаларда білімгерлерге өмір сүруге қолайлы жағдай жасау мақсатында, ұлттық бірыңғай тестілеуге және басқа бағыттар бойынша жүргізілді.
Жыл басынан бері «Парасаттылық орталығы» облыстың барлық 20 ауданында ашылды. Орталықтың басты мақсаты - халықтың өзекті мәселелерін шешу бойынша шұғыл әрекет ету және азаматтардың құқығын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың өзара бірлесе әрекеттесуін қамтамасыз ету. Ақпан айынан бері облыс көлемінде 200-ге жуық іс-шара өткізілді. Шаралар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаментінің бірінші орынбасары Жандос Жұмабаевтың жеке бақылауында жүзеге асырылуда.
Жобалық кеңсе аясында 300-ден аса кездесу жүзеге асырылды, атап айтсақ, Алматы облыстық ішкі саясат, спорт және дене шынықтыру, мәнедиет және архивтер, дін, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық қолдау басқармаларының қатысуымен және жергілікті мемлекеттік басқару органраымен бірлесе тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуде. Білім басқармасына қарасты облыстық барлық техникалық білім беру мекемелерінің ұжымдарымен толықтай сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында белсенді жұмыстар атқарылуда. Жергілікті басқару органдарына қарасты квазимемлекеттік ұжымдардың басым бөлігімен "дөңгелек үстел" «Парасаттылық, адалдық, әділдік» тақырыптарында жүзеге асырылды.
«Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің аворлық жобасы - «Мобильді ауыл» жобасы Алматы облыстық 256 ауылдық округтерінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қол жетімділігін қамтамасыз етуде. Жобаның басты ерекшелігі, ауылдық округ әкімдері халықпен WhatsAPP мессенджері аясында тікелей 24/7 сағат байланыста болып, халық игілігіне қызмет атқаруда. «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсе менеджерлері аталған жоба аясында облыста брифинг жүргізіліп, аталған шара облыс көлемінде жүйелі түрді жүргізілуде.
Алматы облысы көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық үгіт-насихат құралдары 2021 жылдың басынан бастап 200-ден аса баннер орналастырылып, 30 000-нан астам ақпараттық парақша таратылып, халық назарына 100-ге жуық сыбайлас жемқорлыққа қарсы видеоматериал ұсынылды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі мен облыстық білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырылған «Парасатты отбасы» байқауы жүзеге асырылды. Байқауға жалпы Алматы облысы бойынша 150 өтінім келіп түскен. Әр отбасының бейнеүзінділері жан-жақты талданып, ең көп дауыс алып, үздік шыққандар марапатталды.
Байқаудың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мүшелері арасында достық қарым-қатынасты, парасаттылықты, адалдықты қалыптастыру, саналы тұлғаны дамыту және прогрессивті идеялары бар оқушыларды анықтау. Байқау жеңімпаздарына арнайы дайындалған мадақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілді.
Алматы облысындағы «Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дәріптеп, мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге барынша ат салысып келеді.

Автор:
Аманжол ЖАЗЫҚБАЕВ,«Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісіАлматы облысы